Қазақстан • 28 Тамыз, 2017

2018 жылы «Қоғам және дін» атты жаңа оқулық шығады

361 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандағы мектеп оқушылары «Қоғам және дін» атты жаңа оқулықтармен қамтылмақ. Бұл туралы бүгін Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев айтты. 

2018 жылы «Қоғам және дін» атты жаңа оқулық шығады

«Білім және ғылым министрлігімен бірлесе «Қоғам және дін» деген жұмыс атауымен жаңа оқулық бойынша шаралар іске асырылып жатыр. Кітап мектеп бағдарламасына енгізілетін болады. Онда әлемдік діндер мен мемлекеттің өркениетіне қатысты білім беруде ғылыми контент күшейтілген»,-деді Ермекбаев.

Ведомство басшысы оқулық алдағы оқу жылының екінші жартысына немесе 2018-2019 оқу жылына әзірленетінін атап өтті. Сонымен қатар ол сайттарды мониторингілеуден бөлек, кітаптарды сараптамадан өткізу жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты. 

«2017 жылы сараптамадан 1,5 мыңнан астам осындай нысан өтті, оның ішінде қылмыстық-атқару жүйесіндегі кітапхана қоры да бар, яғни бас бостандыған айыру орындарындағы кітап қоры талдаумен қамтылды. Ағымдағы жылы бас бостандығынан айыру мекемелерінде деструктивті мазмұндағы 13 кітап анықталды» ,- деді министр.

Соңғы жаңалықтар