Арнайы музыкалық құрылғылармен жасақталған қоғамдық көлік Астана қаласының көрікті жерлері мен саябақтарына аялдап, өнерпаздар оңтүстіктен шыққан жергілікті сазгерлердің танымал әндерінен шашу шашты.
«Оңтүстік- өнердің алтын ордасы. Сондықтан бүгінгі ән шеруімізді қала қонақтары мен тұрғындарына арнайы тарту ретінде ұсынып отырмыз. «Оңтүстіктің 7 кереметі» аясында ұйымдастырылған шараның мақсаты – қазақ өнерін насихаттап, Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасына қолдау білдіру», - дейді облыстық Мәдениет басқармасының басшысы Нұрболат Ахметжанов.
Меркелік өнер думанының шерушілері «Думан» ойын-сауық орталығынан бастап, «Мәңгілік ел» қақпасы және «Хан шатыр», «Mega Silk Way» ойын-сауық орталықтары, ҚР Ұлттық музейі және «Бәйтерек» алаңына дейін жүріп өтті. Астаналық тұрғындарға Оңтүсіктің ән сәлемін жолдауға Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармония, облыстық опера және балет театрының белгілі әншілерінен құралған 30-дан аса өнерпаз қатысты.
Айта кетейік, 29-31 тамыз аралығында «Бейбітшілік және келісім» сарайында «Оңтүстіктің өнімдері» тауар өндірушілердің көрмесі мен «Жер кіндігі - Қазығұрт» атты көркемөнер көрмесі көпшілік назарына ұсынылғалы отыр. Сондай-ақ, «Түркі елінің түп тамыры – Оңтүстіктен мерейлі Астанаға сәлем!» өнер керуені, «Сәлем Астана!, Сәлем, ЭКСПО!», «Оңтүстік әзілдері» шоу-концерттері ұйымдастырылады.