Бокс • 02 Қыркүйек, 2017

ӘЧ-2017. Қайрат Ерәлиев бокстан әлем чемпионы атанды

439 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дәл қазір біріншіліктің финалдық кездесулері өтіп жатыр.

ӘЧ-2017. Қайрат Ерәлиев бокстан әлем чемпионы атанды

Бүгін бокстан Германияның Гамбург қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының финалдық бәсекесі басталды. Финалға Қазақстан құрамасы сапынан үш боксшы өткен болатын.

Финалға қатысатын боксшыларымыздан рингке бірінші болып 56 кило салмақтағы Қайрат Ералиев шығып, ел қоржынына алғашқы алтын жүлдені салды. Ол финалда америкалық Дюк Роганды 3:2 есебімен жеңіп, бокстан 2017 жылғы әлем чемпионы атанды. Айта кетейік, 28 жастағы отандасымыз 2013 жылы Алматыда өткен әлем чемпионатында қола жүлде иеленген болатын.

Еске салсақ, бүгін Аманқұл Әбілхан (75 кг) мен +91 кило салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев та финалдық кездесулерін өткізеді.

Бұған дейін Жомарт  Ержан  (49 кг), Абылайхан Жүсіпов (69 кг) және Василий Левит (91 кг) жартылай финалда қарсыластарынан жеңіліп, әлем біріншілігінің қола жүлдегері атанған болатын.