Ержан Шынкеев пен Серік Бердімұрат арасында өткен тартысты бәсекеде қазақстандық балуанның асығы алшысынан түсті. Екі балуан бір-бірін ала алмай ұзақ белдесті. Әдісі мен тәсілі артық шыққан қарағандылық спортшы қарсыласынан айласын асырып, ұпай санымен жеңіске жетті. Айта кету керек, үшінші орын алған балуанға 3 миллион теңге көлемінде сыйақы тағайындалған.
Естеріңізге сала кетейік, Ержан Шынкеев «Қазақстан Барысы ‒ 2013» турнирінің және биылғы ел чемпионатының күміс жүлдегері. Ал моңғолиялық Серік Бердімұрат 2014 жылы өткен «Еуразия Барысы» бәсекесінің чемпионы. Сондай-ақ, Моңғолиядағы «Лашын» халықаралық турнирінің жеңімпазы.