Ұлттық спорт • 08 Қыркүйек, 2017

Әлем барысы ‒ 2017. Айбек Нұғымаров «Әлем барысы» атанды

108 реткөрсетілді

Айбек Нұғымаров  Астанада өтіп жатқан «Әлем барысы ‒ 2017» турнирінде ешкімге дес бермей, алтын медаль олжалады. 

Ақтық сынға қарсыластарын шалып та, алып та жыққан Айбек Нұғымаров пен Гурам Тушишвили шыққан болатын. Екі алыптың айқасы бастала сала грузиялық спортшы бірден шабуылға шығып, бүк ұпайын иеленген. Алайда Айбек те есесін жіберген жоқ. Ұрымтал сәттің бірінде қарсыласын шалып жығып, таразы басын теңестірді. Арпалысқан сәттердің бірінде қарсыласын қапсыра құшақтаған Нұғымаров Гурамның қос аяғын аспаннан келтірді. 

Естеріңізге сала кетейік, Айбек Нұғымаров «Қазақстан Барысы ‒ 2013» турнирінің жеңімпазы және екі дүркін қола жүлдегері (2012, 2017). Сондай-ақ, «Әлем барысы – 2014» турнирінде күміспен күптелген-тұғын. Ал грузиялық балуан дзюдодан Еуропа чемпионы (2017). 

Айта кету керек, «Әлем барысы» атанған балуанға 15 миллион теңге сыйақы табысталады. Ал финалда сүрінген спортшы 5 миллион теңге иеленеді.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар