21 Қазан, 2011

Байқау басталды

421 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті еліміздің БАҚ өкілдері арасында спорт журналисі, публицист және қоғам қайраткері Сейдахмет Бердіқұл атындағы жыл сайын өтетін конкурстың басталғанын хабарлады. Конкурсқа бұрын жеңімпаз атанбаған және 2006 жылға дейінгі уақыттағы осы жүлдені сарапқа салудың өткен кезеңінің жеңімпазы болған журналистер қатыса алады, яғни конкурста жеңіске жеткеннен кейінгі өткен уақыт 5 жылдан кем болмауы тиіс. Сыйлық жылына бір рет үш жеңімпазға тапсырылады. Оның ішінде екі сыйлық – мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында қазақ тіліндегі материалдарға, бір сыйлық – орыс тілінде шыққан материал­дарға белгіленген. Өтінімдер мен мақалалар мына мекен-жай бойынша қабылданады: Ас­тана қаласы, Сығанақ көшесі, 25 (11-қабат), «Аңсар» бизнес орта­лы­ғы, Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің ҰШК және СРД баспасөз қызметі («2011 жылғы С.Бердіқұл атындағы конкурсқа» деген белгімен). Үміткерлер 2011 жылдағы жұмыстарын мына тақырыптар бойынша тапсыруы тиіс: 1.Әлем және Азия чемпионаттарына әлем кубоктарына, халық­ара­лық жарыстарға және де Қазақстан біріншіліктеріне арналған шолу жасаулар (очерктер, мақалалар, талдау, телетрансляциялар, телекөпірлер және т.б.). 2. Қазақстандық БАҚ-тарда бұқаралық спортты, балалар мен жасөс­пі­рімдер арасындағы спортты, мүгедектер арасындағы және ұлттық спорт түрлерінен спорт ойындарын (спартакиадалар, турнирлер, форумдар, параолимпиялық ойындар, Ұлттық спорт түрлері фестивалі), т.б. насихаттау. 3. Астана және Алматы қалаларында өткен 2011 жылғы VII Қысқы Азия ойындарына арналған мақалалар, материалдар, хабарлар, очерктер. Конкурстың жеңімпаздары «Сейдахмет Бердіқұл атындағы сыйлықтың лауреаты» деген арнайы төсбелгімен марапатталып, диплом мен ақшалай сыйлыққа ие болады. Берілген ақпаратты Туризм және спорт министрлігінің (www.mts.gov.kz) және ҰШКжСР дирекциясының (www.kazsports.kz) сайттарынан табасыз. Лауреаттардың есімдері еліміздің ақпарат құралдарында және жоғарыда көрсетілген сайттарда орналасады. Қосымша сұрақтар бойынша төмендегі телефондарға хабарласуға болады: 8 (7172) 91 15 29 немесе 8 701 367 18 34. «Егемен-ақпарат».