Білім • 11 Қыркүйек, 2017

Павлодардың «Антарес» клубы «Space science» конференциясына қатысты

443 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бұл жиын 1957 жылы 4 қазанда орбитаға алғашқы жасанды Жер серігінің ұшырылуының 60-жылдығын атап өтуіне орай ұйымдастырылыпты.

Павлодардың «Антарес» клубы «Space science» конференциясына қатысты

Татарстанның Қазан Федералды университетінде өткен конференция Астрономия нысандарының ғарыш зерттеулеріне, галактикалар мен астрофизика жұлдыздарына, әлем туралы қазіргі заманғы идеяларға арналыпты.

Бастысы, «Space science» атты мектеп конференциясы қатысушыларына баяндамаларды әйгілі оқымыстылар, астрономия және ғарыш саласындағы мамандар оқыды. Облыс орталығындағы  Оқушылар сарайының әдіскері Әсем Айыпованың айтуынша, бұл жиынға Ресейлік оқушылар және  павлодарлық оқушылар сарайының  Гүлнәр Баубекова басқаратын  «Антарес» астроклубының мүшелері қатысыпты. Қатысушыларға ғарыш тақырыбына сай байқаулар өткізілді. Мысалы, Еренғайып Қобланды «Жастар мектебінің эмблемасы» атты номинация  бойынша Қазан қаласының басты көрікті жерлерін,  Энгельгардт атындағы обсерваторияны, Қазан Федералды Университетін суретке салып, жастар оқитын мектептің эмблемасын ақ қағаз бетіне сомдап, «Жастар мектебінің эмблемасы» және «Астрономиялық сурет» атты номинациялар бойынша өз білімін жоғары дәрежеде көрсетіп, үшінші орынға қол жеткізді.  Ал, Алексей Беличенко  болса «Астрономиялық сөзжұмбақ» атты номинациясы бойынша астрофизика, астрономия, космонавтика салалары бойынша сөзжұмбақ құрап 3-ші орынға жайғасты. Әмір Қаратай «Астрономиялық сурет» атты номинациясы бойынша шығармашылық байқауда 2-ші орынға лайық деп танылды.

Ғарыш тақырыбына арналған шығармашылық сайыста Әмір қолына қылқалам алып, түрлі-түсті бояулармен астрономияға байланысты өзінің еңбектерін шебер салып, Қазан қаласының болашақ аспанын салды. Оқушылар сарайында   аспан әлеміне қызыққан жастар  астрономия саласымен 2015 жылдан бастап айналысып келеді. 

Фарида Бықай, 

«Егемен Қазақстан»

Павлодар

Сурет оқушылар сарайынан жіберілді