Күн тәртібінің жобасына «Қазақстан Республикасының Халықаралық Валюта Қорына, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкiне, Халықаралық Қаржы Корпорациясына, Халықаралық Даму Қауымдастығына, Инвестициялар Кепiлдiгiнiң Көпжақты Агенттiгiне, Инвестициялық Дауларды Реттеу жөнiндегi Халықаралық Орталыққа, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкiне, Азия Даму Банкiне, Ислам Даму Банкiне мүшелiгi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заң жобасына заңнамалық түзетулер енгізу үшін депутаттар қарауына ұсынылды.
Палата талқылауына ратификацияланатын заң жобасы – Қару саудасы туралы шарты енгізілетін болады.
Сонымен қатар, күн тәртібінде палатаға салалық комитеттер бойынша қорытындыларын дайындау мерзімін анықтайтын заң жобалары ұсынылады. Ратификацияланатын актілер қатарында: Қазақстан мен Грузия арасындағы Қазақстан Үкіметінің Грузия Үкіметіне берген мемлекеттік несиелер бойынша Грузия Үкіметінің берешегін қайтадан қайта құрылымдау туралы келісім бар.
Бұдан басқа, Бюро отырысында парламенттік тыңдауда көтерілетін елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің Шығыс Қазақстан облысында 2017 жылғы 27-30 қыркүйек аралығында көшпелі отырысын өткізу туралы өзекті мәселелер қаралды.