Кездесу барысында экономиканың түрлі салаларында екіжақты қарым-қатынасты дамыту, елдер арасында стратегиялық серіктестік орнату және бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды. Қазақстанның Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымын құру, өзара инвестицияларды ынталандыру және қорғау туралы келісім жобасы туралы, сондай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту аясында ынтымақтастық туралы Қазақстанның бастамаларын іске асыру тақырыптары қозғалды.
М. Әл-Гаргави Астанада Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының Ғылым және технологиялар жөніндегі бірінші саммиті мен ЭКСПО-2017-ні өткізудің жоғары деңгейін атап өтті және Қазақстанның тәжірибесі Дубай қаласында келесі ЭКСПО халықаралық көрмесін лайықты өткізуге септігін тигізетініне сенім білдірді.
Өз кезегінде Бақытжан Сағынтаев өзара қарым-қатынасты дамытудың оң қарқынын атап өтті және қазақстандық тарап оны әрі қарай нығайту мен дамытуға барлық күш-жігерін салады деп сендірді.