Қазақстан • 12 Қыркүйек, 2017

Екі ішекте – ел тарихы

372 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Таяуда Қарағандының «Шалқыма» концерт залында жыр мен терме орындаушылары арасында Қазыбек бидің 350 жыл­­дығына арналған «Ордалы сөздің иесі – Қазыбек» атты сай­ыс өтті. Қазақстан Рес­пуб­ли­касы Мәдениет және спорт ми­нистрлігінің ұйым­да­с­ты­руы­мен  өткен дүбірлі дода екі ке­зеңмен үш күнге жалғасты. Бірінші кезеңде қатысушылар түр­­лі терме мектептері өкіл­де­рінің шығармаларын орын­дады. Екін­ші кезеңде өнер­паз­дар қазақтың эпостық дастан­да­рын жыр­лады. Сайысқа Қазақ­стан­ның әр өңірінен бар­лығы 

16 термеші мен жыршы қатысты. 

 

Екі ішекте – ел тарихы

Сайыс қорытындысы бо­й­ынша бес қатысушы Ал­ғыс хат­­пен марапатталса, қара­ған­­ды­лық Мұхтар Әділов пен Нұр­мұхамед Байсүгіров «Тер­ме» ата­лымындағы «Үкілі үміт» арнайы жүлдесін иеленді. «Жыр» ата­лымында алматылық Данияр Ра­қымбай дипломант атанса, терме бойынша дипломант – Манаш Әділбаев.

«Жыр» аталымында ІІІ орын­ды Қызылордадан келген Шолпан Бейімбетова алды, ІІ орын ақтөбелік Перуза Қалуоваға бұйырды, ал І орынды Батыс Қазақ­стан облысынан кел­ген Фар­­хат Оразов иеленді. «Тер­ме» ата­­лы­мында ІІІ орынды Ас­та­на­дан кел­ген Айнұр Қо­­ныс­­­ба­ева ие­­ленді.Осы аталым бойынша ІІ орын­ды ал­ма­тылық Жұлдыз Ыс­қа­қова алса, І орын астаналық Бақ­дәу­лет То­лы­бек­ұлының еншісіне бұй­­ыр­­ды.

Ал қызылордалық Майра Сәр­сен­баева үздік өнерімен ерек­ше­леніп, Қазыбек би атын­дағы Бас жүлдеге ие болды.

– Бұл сайыс ұлттық өнерді қайта жаңғыртып, дамытуға ар­­налған. Халқымыздың мәде­ни­етін сақтауға және оны ұрпақ­тан ұрпаққа жеткізу арқылы дә­с-
­түр­лі өнеріміздің төл туынды­ла­рын насихаттаймыз. Баяғы Бұ­қар, Үмбетей, Қазтуған, Дос­­пам­бет, Ақтанберді, Шал­киіз жы­­раулардың өр рухты жыр­л­а­рын­дағы адамгершілік, отан­сүй­­гіштік, ерлік, ұят біздің қа­ны­­мызда әлі бар. Сондықтан қа­­ты­сушылар Қазыбек бидің жыр­­ларынан бастап оған дейінгі ақын­­дардың шығармаларын орын­­­д­аған уақытта біздің ғасыр­лар­­дан ғасырларға жалға­сып ке­ле жат­қан Мәңгілік Елге деге­н мұ­рат оянады, дейді қазылар ал­қа­сы­ның төрағасы, айтыскер ақын Аман­жол Әлтаев.

Мирас АСАН,
«Егемен Қазақстан»

ҚАРАҒАНДЫ

Суретте: Ғ.Құрманғалиев атын­­дағы БҚО филар­мо­ния­сы­ның дәстүрлі әншісі Фархат Оразов.