21 Қазан, 2011

Маңызды құжаттарға қол қойылды

224 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің Ресей Фе­дерациясына жұмыс сапары аяқталды. Сапар барысында Кәрім Мәсімов ЕурАзЭҚ елдері Үкімет басшыларының шағын құрамдағы кездесуіне қатысты, онда Кеден одағының қызметі және Қазақстан, Ресей, Беларусь елдерінің Біртұтас экономи­ка­лық кеңістігін құру мәселелері талқыланды. Одан соң Қазақстан Премьері қорытындысы бойынша 15 құ­жат­қа қол қойылған ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесінің ке­ңей­тілген отырысына, Кеден ода­ғы жоғарғы органының мәжі­лі­сіне қатысты. Кеден одағының қызметі мен Қазақстан, Ресей, Беларусь елдерінің Біртұтас эко­номикалық кеңістігін құру мә­се­ле­лері талқыланған бұл мәжі­ліс­тің қорытындысы бойынша да бір­қатар құжаттарға қол қойылды. «Егемен-ақпарат».