Қазақстан • 18 Қыркүйек, 2017

Астана әкімінің кубогы «Жаңа ғасыр» жайдарманшыларына бұйырды

500 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен дәстүрлі жайдарман фестивалі Астана қаласы әкімінің кубогы ойнатылды.

Астана әкімінің кубогы «Жаңа ғасыр» жайдарманшыларына бұйырды

Жайдарманшылар бүгінгі ойында еліміздегі соңғы жаңалықтар мен өзгерістерді тілге тиек етіп, сапалы ойын көрсетті. Әсіресе латын қарпіне көшу, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің аяқталуы, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы туралы жиі айтылды. 16 команданың ішінен «Жаңа ғасыр», «Қыз Жібек», «ІТ» командалары әділ қазы алқаларының жоғары бағасы мен көрермендердің ыстық ықыласына иеленді.

Сайыс нәтижесі бойынша, «Үздік ойыншы» номинациясы «Ала-Тоо» командасының ойыншысы Айбек Бектеміровке табысталды. «Қыз Жібек» командасы 3-орын мен 200000 теңгені қанжығасына басты. Талдықорғандық «Шапалақ» командасына 2-орын бұйырды және 300000 теңге ақшалай сыйлықпен марапатталды. Ойынның басты сыйлығы, Астана қаласы әкімінің кубогы мен 1 миллион теңгені «Жаңа ғасыр» командасы ұтып алды. Жеңімпаздарды Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Әмірханұлы Аманшаев марапаттады.

Қатысушы командалар арасында тек тәжірибелі топтар емес, жас құрамалар, түрлі республикалық лигалардың жеңімпаздары, сонымен қатар көршілес Қырғызстаннан «Ала-Тоо» құрамасы келді. Фестиваль форматында өткен ойын биыл 9-рет ұйымдастырылып отыр.

Қатысушылардың өнеріне танымал тележүргізушілер Берік Уәли мен Асхат Садырбай және Дана Нұржігіт, қоғам қайраткері Мұрат Әбенов, мәжіліс депутаты Бақтияр Мәкен секілді қазылар құрамы тұлғалар баға берді.