Қазақстан • 21 Қыркүйек, 2017

Қазақ киносын цифрлау

976 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жиынды Мәдениет және спорт министрлігінің Қазақ ғылыми-зерт­теу мәдениет институты ұйым­дас­тыр­ды. 

Қазақ киносын цифрлау

Сурет: abai.kz

Дөңгелек үстелде аталмыш инс­титуттың бас директоры Анд­рей Хазбулатов цифрлы киноколлекция қалыптастыру жобасының биыл басталғанын айтты. «Біздің институт фильмдердің тізімін анық­тау үшін ғылыми-зерттеу жұ­мыс­тарын жүргізді. Бүгінгі күні «Қа­зақ­филь­м­де» 1,5 мың шамасында көр­кем, де­ректі және ғылыми-та­ным­дық фи­льмдер бар. Олар цифр­лан­баған күйі сақтаулы тұр», деп мәлімдеді ол.

Қазақ киносының тарихы беріден бас­талатынын көпшілік біледі. Ал­ғаш­қы кинолар сұрапыл соғыс жыл­дарында түсіріле бастағаны бел­гілі. Әйт­се де осы жетпіс жылдың өзі де ки­но­таспалар сапасының нашарлауына жетіп жатыр. Олар ұзағанда 100 жылға шыдас берер, бірақ әрі қарай қиындау. Бұл тұрғыдан алғанда қа­зақ киносын цифрлау мәселесі дер ке­зінде көтерілді. Хазбулатовтың сө­зіне қарағанда, фильмдерді цифрлау туралы жоба үш жылға жасалған. Осы үш жылдың ішінде 1,5 мың ша­ма­сында фильмдер цифрлы жүйе­гі көшірілді. Бұл фильмдерді ке­ле­сі ғасырларға ойланбай табыстау де­ген­ді білдірсе керек.

Дөңгелек үстелге қатысқан кино мамандары цифрлауға ұсынылған фильмдердің тізімін қарап шығып, өз ойларын білдірді. Мысалы, ки­но­режиссер Сламбек Тәуекел фи­льмдерді сұрыптау туралы ойла­рын айтса, Қазақ ұлттық өнер уни­вер­ситетінің доценті, кинотанушы Нәзира Рахманқызы кейбір фи­ль­мдердің көпнұсқалылығына қа­тысты пікірін баяндады: «Қараш-қараш» фильмінің бір көрінісінде ер адам ән айтып отырады. Осы фильмнің қазақша нұсқасында әлгі адам қазақша ән айтса, орыс тіліндегі нұсқасында «Манасты» жырлайды. Қазақша нұсқасында басқа, орысша нұсқасында басқаша көріністер келтірілген осыған ұқсас талай мысалдар бар. Егер сондай фильмдер кездесіп жатса, онда олардың барлық нұсқасын цифрлау қажет деп ойлаймын. Бұл біздің кинотарихымыз үшін өте қажет. Цифрлауға ұсынылған фильмдердің тізімінде бір фильмнің аты бірнеше рет қайталанады. Бұл жоғарыда айтқанымдай, екі түрлі не одан да көп нұсқамен түсірілген фи­льм­дер болуы мүмкін, деді Нәзира Рахманқызы.

Дөңгелек үстел жиыны қаты­су­шылар цифрлауға қатысты ең өзек­­ті мәселелер сол саланың өз ма­­манда­ры­ның қатысуымен ше­ші­лет­інін тілге ти­ек етті. Цифрлауды жүйе­мен жасау­ды ұсынды.