Қазақстан • 21 Қыркүйек, 2017

Студенттерге елордадағы хостелдерден жеңілдік ұсынылды

148 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елорда хостелдері студенттерге жатын орынды жалға алудың жеңілдетілген нұсқасын ұсынып отыр, деп хабарлайды Астана әкімдігінің медиа орталығы.

Студенттерге елордадағы хостелдерден жеңілдік ұсынылды

"Көрменің аяқталуына байланысты қаладағы хостелдердің көпшілігі жұмыс бағытын өзгертіп жатыр. Олар ұзақ мерзімді жалға беруге көшті. Бұл студенттер мен жұмыс бабымен келген қонақтарға қолжетімді әрі тиімді ұсыныс", - деді "Астана конвеншн бюро" ЖШС бас менеджері Марат Әлмағанбетов.

Оның айтуынша, қазір орта есеппен хостелдегі бір орынды жалға алу бағасы айына - 25 мың теңге. "Оқу жылының басталуымен кейбір хостелдер жеңілдік ұсынып отыр. Сол жеңілдікке сейкес, бір орынды 20 мың теңгеге алуға болады", - деді ол.

Айта кетейік, ЭКСПО көрмесі кезінде Астанада 95 хостел жұмыс істеді. Ондағы жатын орын саны 4500 құрады. Сондай-ақ, өткен үш айда қалаға келген 22 мың мейман хостелдерді паналаған екен.