Қазақстан • 21 Қыркүйек, 2017

Абаев Қазақстан мен АҚШ президенттерінің телефонмен сөйлесуіне пікір білдірді

242 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін «Хабар» арнасында «Дәурен Абаевпен ашық диалог»  бағдарламасының кезекті шығарылымы көрсетілді.

Абаев Қазақстан мен АҚШ президенттерінің телефонмен сөйлесуіне пікір білдірді

Министр маңызды сұрақтарға жауап беріп, өзекті жаңалықтарға тоқталды. Бағдарлама барысында АҚШ президенті Дональд Трамптың ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа қоңырау шалуы сөз болды.

Дәурен Абаевтың пайымдауынша, мемлекет басшыларының телефонмен сөйлесуі көзбе-көз тілдесумен тең.

«Бұндай шараны екі елдің сыртқы саяси ведомстволары алдын-ала ұйымдастырады, президенттердің жұмыс графиктеріне енгізеді. Астана мен Вашингтон арасындағы 12 сағаттық айырмашылықты ескергеніміз жөн. Екі президенттің уақытына телефонмен сөйлесуді ыңғайлы етіп келістіру үлкен жұмысты қажет етеді. Тағы бір маңызды жайт, қоңырау Америка тарапынан келіп түсті. Бұл қоңырау ЭКСПО-ға келіп кеткен америкалық делегациядан кейін болды. Яғни, Астана туралы жағымды әсер алған делегацияның арқасында АҚШ президенті қоңырау шалуға ниет білдірді. Барлық әрекеттер бір-бірімен тығыз байланысты. Сонымен қатар, Елбасымыздың АҚШ-қа ресми сапармен келуге шақыру алуы да жақсы белгі деп ойлаймын,» деді Абаев.

Естеріңізге сала кетейік, бағдарлама барысында министр «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының жұмысына тоқталып, Астанада өткен Ислам Ынтымақтастық Ұйымы саммитінің маңыздылығы туралы айтып берді.