22 Қазан, 2011

Өскемендегі Астана көшесі

299 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Шығыс Қазақстан облысында Астана қаласының күндері өтуде Несін айтасыз, ел тәуел­сіз­дігінің тарихи куәсі іспеттес Бәй­терегі асқақтап, көк байра­ғымыз аспанға самғаған Астана қаласы Алтайға көшіп келгендей әсерде жүр қазір Өскемен тұрғындары. Бұдан бір ай бұрын Шығыс Қа­зақ­стан облысының елордадағы мә­дени күндері ел есінде қалатындай мәнді де сәнді өтсе, енді қала әкімі И.Тасмағамбетов бастаған үш жүздей өнер және мәдениет қайраткерлері, халық қалаулылары, еңбек озаттары өр Алтайдың төріне аяқ басты. Жұма күні қонақ­тар­ды об­лыс әкімі Б.Сапарбаев әуе­жай­дан қарсы алды. Бұдан кейін Аста­на­ның білікті хирургтері Өскемендегі ауруханаларда аса күрделі операция жасап, өз тәжі­ри­белерін жергілікті дәрі­гер­лерге үйретті. Қ.Қуа­ныш­баев атындағы драма театры спектакль қойып, еліміздің бас қа­ласының өнерпаздары гала-концертті қала тұрғын­дары­ның на­за­рына ұсынды. Бүгін Шығыс Қазақстан мемлекеттік уни­верситетінде ғалымдар мен ақын­дар кездесулер өткізбек. Ғы­лыми-теориялық конференция өз жұмысын бастады. Бұдан бірнеше күн бұрын Өске­мендегі Солнечная көшесінің тұр­ғын­дарына сауалдама жүргіз­генде, олардың 80 пайыздан астамы көше атын өзгерту, оған Астана аты лайық деген лебіз білдірді. Енді, міне, елордалықтар көшенің салта­нат­ты ашылуына қатысты. Делегация құрамындағы белгілі мәдениет қайраткерлері бұл шараны ел Тәу­елсіздігінің мерейтойына арналған игі қадам деп бағалап отыр. Оңдасын ЕЛУБАЙ, Өскемен.