Шымкент қаласы №2 перезентханасының бас дәрігері Эльмира Қожахметованың айтуынша бүгінге дейінгі дүниеге келген сәбилердің саны елу мыңнан асқан.
Облыста жалпы саны 3-миллионға жуық халық болса, орталығы Шымкентте статистика басқармасының есебі бойынша 2,9 млн. адам бар. Ресми құжат осылай дегенімен қалаға сырттан келіп тіркеуге алынбай жұмыс істеушілерді қосқанда миллионнан әлдеқашан асқан делінеді.
Қаланың халқы жыл басынан бері отыз үш мыңға артуы жақын арада Елбасы межелеген жобаға жететіндігін айғақтайды. Осылайша, Шымкент - Қазақстандағы миллионер үшінші қала деңгейіне жақын арада жетіп қалады.
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан»
Оңтүстік Қазақстан облысы