Судья топтың үш мүшесіне діни алауыздықты қоздыру деген айып тағылғанын айтады.
«Күдіктілердің ішінде Жүсіпбеков пен Борашовқа қатысты Қылмыстық кодекстің 174-бабының 1-бөлігі «Жария түрде немесе ақпарат құралдары арқылы діни араздықты қоздыру» бойынша іс қозғалды. Ал үшінші күдікті Ізтілеуов Қылмыстық кодекстің 174-бабының 1 және 2-бөлігімен «Алдын ала сөз байласу арқылы діни алауыздықты қоздыру», 256-баптың 1-бөлігі «Терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру» бойынша айып тағылды. Олардың қылмыстарының экстремизмге қатысты болуына байланысты қамауға алу туралы санкция берілді», - деді Ғани Байарыстан.
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан»
Оңтүстік Қазақстан облысы