Конкурстың тақырыбы «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Кітапханасы» мемлекеттік мекемесі және Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қорының бірлескен бұйрығымен жыл сайын бекітіледі.
Конкурстың мақсаты мен міндеттері:
- қазақстандық мемлекеттіліктің негізі ретіндегі «Назарбаев моделін»,Елбасының идеялары мен бастамаларын дәріптеу;
- еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы жеткен жетістіктерін ақпараттық-имидждік тұрғыда жария ету;
- баспа және электрондық БАҚ қызметкерлерінің өзін-өзі шығармашылық тұрғыдан дамытуы мен кәсіби өсуі үшін моральдық және материалдық ынталандыру;
- журналистік қоғамдастықта келешегі бар жаңа есімдерді анықтау;
- Елбасы кітапханасының мұрағат, кітапхана және экспозиция қорындағы материалдарды медиа айналымға енгізу.
Конкурс мына номинациялар бойынша өткізіледі:
1) «Үздік телевизиялық материал»(жаңалық бейнесюжеті, телеочерк, талдамалық шолу, арнайы репортаж, сұхбат, пікір білдіру, деректі фильм);
2) «Үздік радиоматериал»(радиобағдарлама, радиошолу, радиоочерк, радиоқойылым, талдамалық шолу, сұхбат);
3) «Газеттер мен журналдардағы үздік мақала»(мақала, очерк, эссе, талдамалық шолу, репортаж, сұхбат);
4) «Ғаламтор-БАҚ-тағы үздік жарияланым»(ақпараттық хабарлама, талдамалық шолу, репортаж, сұхбат, шолу, эссе, очерк, рецензия).
Конкурстың өткізілуі туралы барлық ақпарат ұйымдастырушылардың www.presidentlibrary.kz, http://www.presidentfoundation.kzсайттарында жарияланады. Қатысушыларды ақпараттық және техникалық қолдау мақсатында Кітапхананың www.presidentlibrary.kz сайтында және YouTUBE порталында (арна: ҚР Тұңғыш Президентінің кітапханасы) Елбасының кітапханасындағы құжаттар мен экспонаттар туралы бейнематериалдар орналастырылған.
Жүлделі орындарды иеленген конкурсанттарға арнайы төсбелгілер, дипломдар, куәліктер, ақшалай сертификаттар мен ақшалай сыйақылар беріледі. Конкурс қорытындысын Конкурстық комиссия шығарады. Конкурс өтінімдері 2017 жылғы 1 маусым мен 10 қазанға дейін қабылданады. Конкурстық жұмыстарды іріктеу және қорытындылау 2017 жылғы 25 қарашаға дейін өткізіледі.