«Айналдым сенен, Атамекен-ай!» деп аталып, ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналды
Өткен сенбіде Алматыдағы киелі шаңырақтардың бірі – Балуан Шолақ атындағы Спорт және мәдениет сарайында «Нұр Отан» партиясының қолдауымен өткен ақын Шөмішбай Сариевтің «Айналдым сенен, Атамекен-ай!» атты авторлық кеші жұртшылыққа қуанышты молынан сыйлады. Бұл кешті Қазақстан эстрадасының үздік өнер жұлдыздары көркейткенін айтуымыз керек. Авторлық кеш иесі республика жұртшылығына ондаған танымал әндердің өлеңдерін туындатқан ақжарма ақын ретінде кеңінен мәлім десек, қателеспеспіз. Сол себептен де зал толы қауым Қазақстанның еңбегі сіңген қайраткері, Франц Кафка атындағы халықаралық Алтын медаль сыйлығының, Жыл адамы – Алтын адам сыйлығының, Платина Тарлан сыйлығының лауреаты Шөмішбай Сариевті зор қошеметпен қарсы алғанына таңдануға болмас.
Ш.Сариев Әдебиет және өнер институтында ғалым ретінде іздене жүріп «Абай және Махамбет», «Махамбет – ұлт тәуелсіздігінің күрескер ақыны» атты монографиялар жариялаған еді. Соған орай кешті Нұрғиса Тілендиев атындағы академиялық фольклорлық-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрі ұлы композитор Нұрғисаның «Махамбет» күйімен бастауы да жарасып тұрды. «Елім менің» атты бәйгенің екі дүркін Гран-при жүлдегері Шөмішбай Сариев авторлық тойдың беташары ретінде Тәуелсіздікке арнаған жарқын жырын шашу етті. Ал «Ата толғауы» күйі орындалғаннан кейін автордың сазгер Ерлан Қанапияновпен бірігіп жазған VІІ Қысқы Азия ойындары Алау эстафетасының гимні «Азиада» әуеледі.
«Неткен жұмбақ, шексіз аспан көк едің,
Ғалам деген қандай ғажап кең едің.
Жүрегіммен өлең сыйлап өмірге,
Дүниені жалт қаратсам деп едім!» – деп жырлаған ақын Шөмішбай Сариевтің өлеңіне жазылған «Айналдым сенен, Атамекен-ай!» әні кешегі кеңес үкіметі кезінде шетел қазақтарының әнұранына айналып кеткен еді. Осы ән-өлеңнің бір шумағы Тұңғыш Президент мұражайындағы «Үшқоңыр» панорамасында ақын есімімен бірге жазулы тұрғаны да тегін емес-ау. Олай болса, атақты әншіміз Роза Рымбаева шырқаған осынау арман әнді көпшілік тағы да ықыласпен қабыл алды.
65 жасқа келіп отырған той иесін «Нұр Отан» партиясының Астанадан жеткен өкілі құттықтап, партия Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулиннің ілтипатты сәлемін жеткізді. Сондай-ақ, осындай ақ тілекке толы жеделхат құттықтаулары Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар облысының әкімдерінен келіп түсіп, біздің елімізде әкімнің ақынды құрметтейтінін айғақтады.
Әкелі-балалы Ескендір және Біржан Хасанғалиевтар Шөмішбай Сариевпен шығармашылық бірлестікте жазылған «Құрылысшылар әнұранының» тұсауын кесті. Ал, көптен бергі әріптесі Владимир Питерцевпен бірігіп жазылған «Әлжан ана» әні Тұңғыш Президентіміздің аяулы анасына арналуы қандай ғанибет. Бұл әнді қазақтың талантты әншісі Гүлмира Ақүрпекова орындады. Осы арада қайтыс болған күні өз елінің ұлттық мерекесі болып жарияланған Португалияның ұлы ақыны Луиш ди Камоэнстің сонеттері қазақ оқырманына Шөмішбай ақынның аудармасымен жеткенін айта кеткен жөн. Сонымен бірге, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына арнап шығарған «Қазақ көркемсөзінің шеберлері» атты кітапқа енген жүз ақын-жазушының ішінен де Шөкеңді ұшыратамыз. Елі құрметтеген ақынның кітабы сонау Үндістанда да жарық көрген.
Міне, ақын өзінің Тұманбай Молдағалиев, Қадыр Мырза Әлі ағалары сияқты қазақтың ән-өлеңінің айтулы шеберіне айналғандығын осы кеш барысында айқын танытты. Оның тамаша сазгерлермен шабыт қанатында тудырған ән-өлеңдерін бұл авторлық кеште Сүлеймен Ибрагимов, Жеңіс Сейдоллаұлы, Дүйсенхан Сыздықов, Бағдат Сәмединова, Естай Әлекеев, Аманқос Садықов, Эльмира Жаңабергенова, Айжан Нұрмағанбетова, Ақжол Мейірбеков және т.б. жезтаңдай әншілер Алматы аспанына қалықтатты. Тамаша ән кеші Майра Ілиясова зор шабытпен шырқаған «Алға, Қазақ елі» әнімен түйінделді.
Қорғанбек АМАНЖОЛ.
Суретті түсірген Юрий БЕККЕР.

Михаил Шайдоров қолдау көрсеткен жанкүйерлеріне алғыс айтты
Спорт • Бүгін, 21:25
Астанада референдумды қолдауға бағытталған жастар концертіне 10 мыңнан астам адам қатысты
Референдум • Бүгін, 20:27
Михаил Шайдоров Олимпиададағы жеңісі үшін қанша сыйақы алады?
Спорт • Бүгін, 20:20
Aitu экожүйесі: Ауқымды кеңею және 1 миллион белсенді пайдаланушы межесіне жақындау
Технология • Бүгін, 18:44
Ертең ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жасалды
Ауа райы • Бүгін, 18:04
Олимпиада-2026: Биатлоншы Владислав Киреев із кесу жарысында сынға түсті
Олимпиада • Бүгін, 17:36
Михаил Шайдоров: Олимпиададағы жеңісіме Денис Теннің ықпалы зор
Спорт • Бүгін, 16:56
Қазақстан әртістік жүзуден Әлем кубогы кезеңінде екі алтын медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 16:48
Ұлттық кітапханада Жолтай Әлмашұлының жаңа кітаптары таныстырылды
Қоғам • Бүгін, 15:43
Фристайл-могул: Павел Колмаков Олимпиадада 1/8 финалға дейін жетті
Олимпиада • Бүгін, 15:35
Өскеменде ауаның ластануына байланысты оқушылар қашықтан оқиды
Аймақтар • Бүгін, 14:36
Белгілі инженер – Дінмұхамед Қонаевтың туысы Алтай Қадыржанов дүниеден өтті
Оқиға • Бүгін, 14:23
Алматы облысында бес көліктің қатысуымен жаппай жол апаты болды
Оқиға • Бүгін, 13:45
Астанада LRT аялдамасынан өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 13:14