Алматы облыстық Бикен Римова атындағы драма театры өткен жылы Алматы қаласынан бастап, Қызылорда, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарына гастрольдік сапармен барып қайтқан болса, биылғы жылы Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары жұртшылығына өз өнерлерін көрсеткен еді.
Содан көп ұзамай Павлодар, Көкшетау, Петропавл, Астана, Қарағанды қалаларына қарай ат басын бұрған театр ұжымы өз көрермендеріне бұл жолы Т.Әліпбайдың «Томирис», Б.Римованың «Қос мұңлық», Т. Ахтановтың «Күшік күйеу», С.Балғабаевтың «Ғашықсыз ғасыр» Н.Гогольдің «Үйлену» атты сахналық қойылымдарын, сондай-ақ Б.Соқпақбаевтың балаларға арналған «Тапқыр Қожанасыр» ертегісін ұсынды. Ең алдымен Павлодар қаласындағы Ж.Аймауытов атындағы музыкалық драма театрында өнер көрсеткен олар бұдан кейін Петропавлда, Көкшетауда болды. Бір айта кететін жәйт, аталмыш қалалардың бәрінде театр қойылымдары зор табыспен өтті. Осындай көтеріңкі көңіл-күймен Астанаға келіп жеткен театр ұжымы Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрында Бикен Римованың «Қос мұңлық» монодрамасымен гастрольдік шымылдығын ашты. Енді біз сөз орайына қарай, театрдың елордада төрт күн бойы өнер көрсететінін айтсақ дейміз.
«Егемен-ақпарат».

Президент асыл тұқымды арғымақтарын көруге арнайы барды
Президент • Кеше
Қазақстанның волейболшылары жартылай финалға шықты
Спорт • Кеше
Астанада автобус аялдамасы өртеніп кетті
Елорда • Кеше
АҚШ-та 24 жастағы Қазақстан азаматы жоғалып кетті
Қоғам • Кеше
Жетісу облысында күйеуін өлтірген көпбалалы ана қамауға алынды
Аймақтар • Кеше
Ақтауда заңсыз қайық айлағын салған кәсіпкер жауапқа тартылды
Аймақтар • Кеше
«Әділет» партиясы «AMANAT» партиясының қосылуын қолдады
Саясат • Кеше
Аймақтар • Кеше