25 Қазан, 2011

Қажетті көмек көрсетуге дайын

350 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түрік Республикасының Президенті Абдулла Гүлмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы Түркияда болған жер сілкінісінің салдары­нан көптеген адамдардың құрбан болғанына байланысты көңіл айт­ты және апаттың салдарын жоюға қажетті көмек беруге дай­ын екендігін білдірді. Әңгімелесу барысында тараптар екіжақты қарым-қаты­нас­тар­дың жай-күйі мен перспектива­сын, сондай-ақ Алматыда өткен Түркітілдес мемлекеттер Ынты­мақ­тастық кеңесінің I Самми­ті­нің қорытындыларын талқылады. Түркия Президенті Абдулла Гүл жоғары деңгейдегі кездесуге қатыса алмағанына байланысты өкінішін білдірді.