25 Қазан, 2011

Күн тәртібі бекітілді

243 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қай­рат Мәмидің төрағалық етуімен өткен Пар­ламент Сенаты бюросының отыры­сын­да Мәжілісте мақұлданған заң жобалары тұрақ­ты комитеттер мен Сенат аппаратына берілді, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Заңнама және құқықтық мәсе­ле­лер комитеті «Қазақстан Рес­пуб­ликасының Үкіметі мен Есірт­кі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекур­сор­лары­ның заңсыз айналымына қар­сы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үй­лестіру орталығы арасындағы Алматы қала­сында Орталықтың орналасу шарттары туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын одан әрі зерделеуде бас комитет болып белгіленді. Экономикалық даму және өңір­лік саясат комитеті «Қазақ­стан Республикасы мен Азия Даму банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Жай операциялар) (ОАӨЭЫ 1 көлік дәлізі [Жамбыл облысындағы жол учаскесі] [Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық транзит дәлізі] Инвестициялық бағдарла­ма – 4-жоба) ратификациялау туралы» заң жобасы бойынша негізгі комитет болып белгіленді. Бюрода сондай-ақ биылғы 27 қазанда болатын кезекті Сенат отырысының күн тәртібі бой­ын­ша ұсыныстар да талқыланды. Атап айтқанда, «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сының Үкіметі мен Қыр­ғыз Рес­пуб­ликасының Үкіметі арасын­да­ғы өтеусіз әскери-тех­ни­калық кө­мек көрсету туралы келісімді ратификациялау ту­ра­лы» заң жобасын талқылау көзделіп отыр. Отырыста басқа да заң жо­ба­ла­ры қаралатын болады.