25 Қазан, 2011

Сіз не дейсіз?

258 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
КӘСІПТІК-ТЕХНИКАЛЫҚ ЛИЦЕЙ АШУ – ҚАЖЕТТІЛІК Баянауыл ауданына қа­рас­ты Майқайың кентінде 10 мыңдай халық тұрады. Оның арасында 2 мыңнан аса оралман ағайын бар. Өн­діріске барып жұмыс жа­са­ғы­сы келетін жас көп. Өн­ді­ріс орын­дары да жеткілікті. Сондық­тан мұнда  кәсі­би маман­дар­ға деген сұра­ныс та жоғары. Осы себепті кентте арнайы кәсіптік мектеп ашу қажет­тігі байқалады. «Егемен Қазақстанның» Павлодар облысындағы тілшісі Фарида Бықай Майқайың кентінің әкімі Орда Ермекбаевқа: – Сіз бұған не дейсіз? – Бұл – бүгінгі күннің сұ­ранып тұрған өткір мә­се­лесі. Кент жастары да, олардың ата-аналары да осы жаңалық­ты асыға күтіп жүр. Жалпы, газбен дәнекерлеушілер, тау-кен ісінің шеберлері, элек­тр­ші мамандар қажет-ақ. Кентке көр­шілес ауылдардан да ке­летін жастардың арнайы білімдері жоқ. Соның салда­ры­нан олар­дың дені қара жұ­мысты кәсіп етеді. Кәсіпорын басшылары  жыл сайын Павлодар мен Екібастұз қалала­рын­дағы кә­сіп­­тік оқу орын­да­рына көп­теген жастарды оқуға жібереді. Дегенмен, өн­діріс орын­дарының кеңейіп, өнім өндіру көрсеткіштерінің артуы білікті мамандардың көбеюін талап етуде. Бұл мә­селені шешудің жолы – Май­қайыңның өзінде кәсіптік-техникалық оқу ор­нын ашу. Сонда техникалық мамандар­ға деген зәрулік те болмас еді. Арнайы бағдарлама бой­ын­ша мамандар даярлауға Екі­бастұз қаласындағы  №18 кә­сіп­тік лицейге, облыс ор­та­лы­ғындағы №15  лицейге би­ылғы мектеп бітірген түлек­тер оқуға жіберілді. Ал, қай­та даярлауға Екібастұз қала­сын­дағы №4, 18, 27 кәсіптік лицейлерге, облыс орталы­ғын­дағы №5, 1 кәсіптік лицейлерге  3 ай оқу мерзіміне  жастар оқып келмекші. Біліктілігін арттыру үшін Екі­бас­тұз қаласындағы медицина­лық колледжге, об­лыс орта­лы­ғындағы ақпарат­тық технология колледжіне бухгалтер мамандығы бойын­ша оқу­ға жіберілгендер де бар. Жалпы, Майқайың кентінен кәсіптік даярлауға, қайта даяр­лауға және біліктілігін арт­тыруға 50 жас жіберіліп отыр. Барлығына жүріс-тұрысы үшін 12000 теңге, стипендиясына 7 мың теңге және қалада тұр­ға­ны үшін 15 мың теңге  төле­неді. Кенттің өз кәсіптік  оқу орны болса, осыншама шығын шықпас еді. Павлодар облысы.