Қостанай айналма жолында салынып жатқан жаңа көпірдегі жол қозғалысы салтанатты түрде ашылды. Қаланы айналып ағатын Тобыл өзені үстіндегі көпір құрылысы өткен жылы басталған болатын. Бұл Елбасының тапсырмасымен еліміздегі 6 халықаралық көлік дәлізін қайта жаңғырту жобасының шеңберінде атқарылған жұмыстың бірі. Экономиканың күретамыры болып саналатын халықаралық көлік дәлізіне Астана – Қостанай – Челябі бағытындағы тасжолдар да кіреді. Осы жол Қостанай қаласының оңтүстік-батыс шетін айналып өтіп, жолаушыны Челябі, Көкшетау, Астана, Ақтөбе және Петропавл қалаларына жеткізеді. Көп жылдан бері күрделі жөнделмегендіктен Тобылдың жіңішке иініне төселген құбыр арқылы өтетін жолды көктемде қар суы шайып кететін. Соның салдарынан жүк және жолаушы тасымалдайтын көліктердің қауіпсіздігі де қамтамасыз етілмей жүрді. Тобыл суын өткізіп тұратын құбырдың да тозығы жетті. Су шайған сайын жолдың үстіңгі қабаты бұзылып, жыл сайын жөндеу жұмыстары жүрді. Ал құрылыс кезінде қала ішімен жүрген жүк көліктері жолды бүлдірумен қатар, жүргіншілерге де ыңғайсыздық туғызатын.
Өткен жылы басталған көпір құрылысы қарқынды жүрді. Оның ұзындығы – 313, ені 25 метр. Үстінен көлік екі бағытта жүреді, жаяу жүргіншілерге де жол қалдырылған. Мұнда үстіміздегі жылы ғана 3,5 миллиард теңгенің жұмысы игеріліп, жылдық жоспардың 82 пайызы орындалған. Қалған жұмыстар келесі жылға қалдырылды.
– Аз уақыттың ішінде бұл Қостанай өңірінде салынған үшінші көпір. Әулиекөл ауданындағы жаңа көпір ауданаралық көлік қозғалысын жақсартты, қаланың екінші шетінде орналасқан Тобылдың төменгі ағысындағы көпір алдыңғы жылы пайдалануға берілді. Міне, айналма жолдағы көлік қозғалысына бүгін мүмкіндік беріп тұрған бұл нысан еліміз тәуелсіздігінің 20 жылдығы алдындағы үлкен сый болмақ, – деді облыс әкімі Сергей Кулагин. Жаңа құрылыс қуаты жағынан Қазақстанда салынған заманауи сегіз көпірдің бірі болады.
Ал осы шараға қатысқан Көлік және коммуникация министрінің орынбасары Асылбек Дүйсебаев бұл көпір халықаралық көлік дәліздерінің жақсаруына қосылған үлкен үлес екенін айтты. Астана – Қостанай – Челябі бағытындағы жол 2013 жылы түгелімен жаңа реңге кіреді. Осы жобаны жүзеге асырып жатқан «Казахдорстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Щучье филиалының директоры Серік Төлеубаев көпір құрылысының сапалы аяқталарына сендірді.
Жаңа көпір жол қатынасының жақсаруымен қатар өзен суының тазалығына да септігін тигізетін болады.
Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА.
Қостанай.

Астанада «Әділет» партиясының II Съезі басталды
Саясат • Бүгін, 12:45
Эбола безгегінен қаза тапқан адам саны 149-ға жетті
Әлем • Бүгін, 12:21
Қазақстан-Ресей шекарасында жүк көліктерінің ұзын-сонар кезегі пайда болды
Экономика • Бүгін, 11:47
Мемлекет басшысы АҚШ Президенті Дональд Трампқа құттықтау жеделхатын жолдады
Саясат • Бүгін, 11:32
Австралия құрамасы Түркияны 2-0 есебімен ұтты
Спорт • Бүгін, 11:12
Қытайдағы Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар қос алтынға қол жеткізді
Спорт • Бүгін, 10:59
Қазақ сәулет өнерінің көрнекті өкілі Алмас Ордабаев өмірден озды
Қоғам • Бүгін, 10:39
Денсаулық • Бүгін, 10:06
Семейдегі аспалы көпірден құлаған ер адам құтқарылды
Құтқарушы • Бүгін, 08:46
Доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Экономика • Бүгін, 08:35
Қазақстанның бірқатар өңірінде нөсер, найзағай және қатты ыстық болады
Ауа райы • Бүгін, 08:23
Шотландия әлем чемпионатын жеңіспен бастады
Спорт • Бүгін, 08:01
Марокко мен Бразилия жеңімпазды анықтай алмады
Спорт • Бүгін, 05:09
Катар мен Швейцария құрамасы тең түсті
Спорт • Бүгін, 02:05