Әдебиет • 03 Қазан, 2017

«Шәкәрім» кітабы қытай тілінде шықты

825 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлт­тық университетінің ректоры, Ұлттық ғы­лым академиясының академигі Ер­лан Сыдықовтың «Шәкәрім» атты таным­дық-ғұмырбаяндық кітабы қытай тілінде жа­рық көрді.

 

«Шәкәрім» кітабы қытай тілінде шықты

Жуырда Қазақстан зерттеу орталы­ғы­ның ашылуы барысында жаңа кітап қытай оқырмандарына таныстырылды. Бұл еңбек бұған дейін қазақ, орыс, түрік және ағылшын тілдерінде басылған болатын. Енді Сиань университетінің тіл ма­маны Ли Сычанның аудармасымен жұңғо жұртына жол тартты.

Автор өз еңбегінде Шәкәрім Құ­дай­­­­бер­­діұлының шығармашылық бол­­мы­­сын тарихи, азаматтық және ғы­лы­ми тұрғыдан қарастырып, пуб­ли­цистикалық, философиялық еңбек­те­­ріне жаңаша баға береді. Еуразия Жа­­­зу­шылар одағының төрағасы Якуп Өмер­оғлы аталған кітаптан қытай оқыр­­­ма­нының көп дүние олжалайтынын айтса, тарих ғылымдарының док­торы Тұрсынхан Зәкенұлы алдағы уақытта Шәкәрім поэзиясын жолма-жол қы­тай­ тіліне аударуға қол жеткізудің ма­ңы­зы жөнінде айтты. Ал философия ғы­лымдарының докторы, академик Ға­ри­фолла Есім Шәкәрімнің заманынан ерте туған, көреген ақын екенін, сол кө­регендігі үшін атылып кеткенін жеткізді.

Мемлекет басшысының «Рухани жаң­ғыру» жобасы аясында қазақ мәде­ниетін халықаралық деңгейде таныстыру ­туралы тапсырмасына сәйкес, дала да­насы туралы ғұмырбаяндық кітаптың қы­тай оқырмандарына жетуі қазақ әдебиеті мен мәдениеті үшін үлкен белес екенін айтқан абзал.

Думан АНАШ,

«Егемен Қазақстан»