Аймақтар • 03 Қазан, 2017

Сұлтанбет сұлтан сарайы салынды

1127 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бұл тарихи, рухани маңыз­ды мақсатты облыс орта­лы­ғындағы мемлекет­тік пе­да­гогикалық институт негізінде құрылған «Margulan Centre» аймақтық архео­логия­лық орталығының ға­лы­м­дары «Туған жер» бағ­дар­­ламасы аясында жүзеге асырды. 

Сұлтанбет сұлтан сарайы салынды

Бұған дейін Тимур Смағұлов бастаған жергілікті археологтар Ертіс өзенінің жағасынан ХVІІІ ғасырдағы әскери әрі мемлекет қайраткері Сұлтанмұхамед Бахадүр сұлтанның ордасы табылғанын хабарлаған-ды. Археолог ғалымның айтуынша, ел ішінде Сұлтанбет сұлтан атанған Сұлтанмұхамед баба­мыз 1710-1799 жылдар ара­лы­ғын­да өмір сүрген. Абылай хан­­ның немере ағасы болғаны та­рих­­тан белгілі. Қазақ хандығы мен Ресей пат­ша­лы­ғы арасында дип­­ло­­матиялық қарым-қатынас ор­­на­т­у­ға үлкен үлес қосқан. Дип­­­­­ло­­­­ма­тиялық бағытта көп­те­­ген жаз­балар қалдырыпты.

Жоң­­­ғар шап­­­қыншылығы кезінде Шаң­­­­ды жорыққа Ертіс өңірінен 50 мың қол жинап, шайқасқа аттан­ды­рып­­т­ы. 1771 жылғы шешуші шай­қас­та Сұл­т­анбет сұлтан ұлдары­мен бір­ге жоңғарларды ойсырата же­ңед­і. Бұған дейін ол жөнінде тари­хи деректер аз болса, бүгінде бұл құ­жат­тармен дәлелденеді. Мы­са­лы, зерттеуші ғалым Виталий Сирик 50-шақты архив құжатын тап­қан екен. Орынбор мұрағатынан та­был­ған 1776 жылға тиесілі тарихи құж­ат­та cұлтан үйі көлденеңінен 6, ал ұзындығы 25 метр болған деп жазы­лып­ты. Ертіс өзені жаға­лауын­да бір­неше ордасы болса, біздің өңір маңындағысы cұлтан аралы деп аталыпты.

Енді, міне, өткен тарих беттері қай­та ашылғандай. Сұлтан ордасын қай­та жаңғырту да қолға алынды. Оны оқу орнының «Марғұлан орта­лы­ғында» орналастыруға инс­ти­тут ректоры Алтынбек Нұхұлы бас­тамашы болды. Облыс әкімдігі де қолдау көрсетті. Қалпына келтіру жұмыстары архивтерден табылған сұлтан ордасының түпнұсқа жобасы бо­йын­ша жүргізіліп, үйдің үлгісі ағаш­­тан салынды. Игілікті істі тари­хи тұл­ға ұрпақтарының бірі Жұма­бек Хам­зин басқаратын «Сұл­танбет сұл­тан» қоғамдық қоры жү­зе­ге асырды.

Жұмабек Хамзиннің айтуынша, Ертіс өзені бойындағы сұлтанның қыс­тағы болған аралға арнайы экс­п­е­ди­цияны бастап барып келіп­ті. Ал «Рухани жаңғыру» бағ­дар­­­ла­ма­сы аясында Сұлтанбет сұл­­тан­­ның өмірі жайлы тарихи құн­ды­лыққа жергілікті ғалымдар қатты қызы­ғу­шы­лық білдіріпті. Нәтижесінде орта­лық­тың аумағында сұлтан орда­сы көшірмесінің құры­лысы да аяқ­та­лып, салтанатты ашылу рәсімі де өтті.

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан»

Павлодар