26 Қазан, 2011

Жол жіті бақыланады

321 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Биыл 9 айда  облыс аумағында 228 жол-көлік оқиға­сы орын алған. Соның салдарынан 41 адам жантәсілім етіп, 283 адам түрлі дене жарақатын алған.  Олардың арасында ішімдік ішіп алып, шамадан тыс жылдам­дықпен көлік айдаушылар баршылық. Міне, осындай  келеңсіздіктерді болдырмау мақсатымен  облыс орталы­ғында  автөкөліктердің жүру  жылдам­дығы мөлшерін анықтауға арналған үш құрылғы орнатылды. Олар жергілікті бюджет қаражатына сатып алынды. Мир-Пионер, Жамбыл-Тәштитов көшелерінің қиылысы мен Явленка тас жолы бойында қойылған қондыр­ғылардың жұмы­сымен облыс әкімі Серік Біләлов танысты. Жаңа жобаның енгізілуі жол қозғалысын жіті бақылауды да, жол полицейлерінің жұмысын да едәуір жеңілдетті. Енді  қондырғының «көзіне түскен» көлік иесі айыппұл төлеуге, болмаса құжатынан айрылуға мәжбүр.  Көлік  суретке түсіріліп,  компьютер арқылы өңделіп, жол полициясының орталы­ғына жолданады. Онда көліктің нөмірі, иесі, жол ере­же­сінің  бұзылу себебі, айыппұл мөлшері заматта анық­та­ла­­ды.  Қондыр­ғылар қондырылғаннан бері 780 жол жү­ру ережесі тіркеліп, 5 миллион теңге айыппұл салынған. Өмір ЕСҚАЛИ. Солтүстік Қазақстан облысы.