26 Қазан, 2011

Әлем чемпионатына қатысуда

289 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
22 қазан күні Токио (Жапония) қаласында абсолюттік салмақ категориясы бойынша шинкиокушинкай каратэден Х әлем чмпио­наты басталды. ТМД, Еуропа және Жапония елдерінің күшті каратэ­ші­лері қатысып жатқан бұл чемпионат төрт жылда бір рет өтеді. Қазақстандық делегацияның басшысы Астана қалалық шинкиокушинкай каратэ федерация­сының президенті, «Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалы төрағасының бірінші орын­басары Әмірхан Рахым­жанов. Ал әлем чемпионатына мына спортшылар қатысуда: Владимир Артюшин (Астана) – қара белбеу, 1 дан; Мария Гриднева (Астана) – қара белбеу, 2 дан; Сергей Лаптев (Алматы) – қызыл қоңыр белбеу; Алексей Леонов (Алматы) – қара белбеу, 2 дан; Мерей Сүйінов (Талдықорған) – қара белбеу, 1 дан; Илья Яковлев (Өскемен) – қара белбеу, 1 дан. Чемпионатқа қатысушылар өз бапкерлерімен бірге мықты дайын­­дық жаттығуларын жүргіз­ді. Сон­дай-ақ, Қазақстан құрама­сының бас бапкері және респуб­ли­калық феде­ра­цияның жетекші бапкерлерінің басшылығымен үш кезеңнен тұ­ратын жаттығу-ма­шық­тану жиы­ны өткізілді. Жиын­дар­дың бірінші ке­зеңі шілде айын­да Астана қала­сында, екіншісі тамыз айында Өс­ке­мен қаласында және қорытынды үшінші кезеңі қазанда Алматы қа­ласында ұйым­дастырылды. Қазақстан осы жекпе-жек түрі бойынша әлемнің он үздік елінің қатарына кіреді. «Егемен-ақпарат».