2017 жылғы 23 наурызда Астанада қол қойылған Хаттама «Целинный» және «Сырдария» автомобиль өткізу бекеттерін ашуды, «Қазығұрт», «Қапланбек», «Атамекен» автомобиль өткізу бекеттерінің мәртебесін «екіжақтыдан» «көпжақтыға» өзгертуді және теміржолдағы өткізу бекетін Бейнеу станциясынан Оазис станциясына ауыстыруды көздейді.
Сенаторлар сондай-ақ «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Норвегия Корольдігінің Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль тасымалдары туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын қарады.
2012 жылғы 25 маусымда Астанада қол қойылған Келісімді ратификациялау Қазақстан мен Норвегия арасындағы автомобиль қатынастарын жүзеге асырудың құқықтық негіздерін жасауға мүмкіндік береді, сондай-ақ екі елдің сауда-экономикалық ынтымақтастығын одан әрі дамытуға ықпал етеді.
Заң жобалары Палатаның қарауына жіберілді.