Президент • 03 Қазан, 2017

Мемлекет басшысының төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті

193 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жиында қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы жаһандық факторларды қамтитын өзекті мәселелер, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға қарсы тұру барысында қолданылатын күштер мен құралдардың қазіргі ахуалы талқыланды. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.

Мемлекет басшысының төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті

– Біз бүгін еліміздің барлық күштерін түрлі төтенше жағдайларға қарсы тұруға және жұмылдыруға дайындығын талқылайтын боламыз. Сонымен қатар, Қазақстанның Қауіпсіздік кеңесінің рөлі мен мәртебесін одан әрі арттыру жөніндегі мәселелер қарастырылады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Кеңесте Елбасы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізу барысында қауіпсіздікті ойдағыдай қамтамасыз еткені үшін құқық қорғау және арнаулы органдардың қызметкерлеріне алғыс айтты.

Жиын қорытындысы бойынша Қазақстан Президенті бірқатар нақты тапсырма берді.

Соңғы жаңалықтар

Тазалыққа жұмылған жұрт

Аймақтар • Бүгін, 22:30

Сан қырлы қаламгер

Қоғам • Бүгін, 22:20

Жанған хаттан жазу оқыған

Таным • Бүгін, 22:00

«Мона Лиза» көшіріле ме?

Мәдениет • Бүгін, 21:45