Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының футболшылары мен жаттықтырушылар құрамы ұшқан Алматы-Бухарест бағытындағы ұшақ әуеде алты сағат қалықтап, Бухарест халықаралық әуежайына қонды.
Құрама футболшылары әуежайдан түсе салып, 2018 жылғы әлем чемпинатына іріктеу кезеңі аясында Румыния-Қазақстан матчы өтетін Плоешти қаласына келді.
Ертең қос құрама футболшыларының ойын алдындағы ашық жаттығу жиынын өтеді. Соңынан Александр Бородюк және бір футболшымыздың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді.
Еске сала кетейік, ұлттық құрама футболшылары 5 қазанда футболдан 2018 жылғы әлем чемпионаты асында сырт алаңда Румыния құрамасына қарсы ойын өткізеді.
Әли БИТӨРЕ,
«Егемен Қазақстан» –
Бухаресттен
Cурет авторы - Ілияс Омаров