26 Қазан, 2011

Торға тоғытылды

280 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазіргі таңда есірткі тасымалдаушылар қарасын қайта көрсете бастағандай көрінеді. Оның нақты дәлелі Қостанай стансасы желілік ішкі істер бөлімінің есірткі бизнесіне қарсы күрес тобының қызметкерлері жедел-іздестіру шарасы барысында Қостанай облысының азаматын «Астана-Қостанай» бағытымен жүретін пойыз арқылы героинды жасырын алып өтпекші болған жерінен құрықтаған. Ал оны ұстауға Гера есімді қызметтік иісшіл иттің көмегі тиіпті. Ұсталғаннан салмағы 1,78 грамм болатын «героин» есірткі заты табылып, тәркіленді. Ол есірткі затын Қостанайдан Ресей Федерациясының Челябинск қаласына жеткізбекші болған. Оған ҚР ҚК 259-бабының 1-1-бөлімі яғни «Аса ірі көлемде есірткі затын заңсыз сақтау» бойынша айып тағылып, қылмыстық іс қозғалды. Ол осы бап бойынша 2006 жылы да сотты болған екен. Кезінде жіберген қателігінен сабақ алмаған азамат қазіргі уақытта Қостанай қаласы ІІБ уақытша ұстау изоляторына жеткізілді, деп хабарлады Көліктегі ІІД баспасөз қызметі. «Егемен-ақпарат».