Осы арада айта кетерлік жайт өңірде бұған дейін мәйіт донорлығы бойынша бүйрек салу операциясы іске асқан болса, бұл бауыр трансплантациясына сәйкес жасалған қадам екендігі.
-Таңертең басталған түстен кейін аяқталды. Қазір науқастың жағдайы қалыпты. Ол ұзақ жылдар бойы бауыр циррозы дертінен зардап шеккен. Оған бұған дейінгі белгіленген ем түрлері ешқандай нәтиже бермей келді. Ендігі жерде науқастың алдында бір ғана жол тұрды. Бұл бауырын алмастырып салу еді. Солай болды да. Бұған дейінгі бауыр трансплантациясы кезінде науқастарға туған туысқандары донор болған болса, бұл жолы мәйіт донорлығы тиісті нәтиже берді, – деді облыстың бас хирургы Ерлан Сұлтангереев «Egemen.kz» тілшісіне. Қазір ота жасатқан азамат дәрігерлердің бақылауында.
Темір Құсайын,
«Егемен Қазақстан»
Ақтөбе