Президент • 05 Қазан, 2017

Елбасы Тәжікстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

203 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Президенті Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады akorda.kz.

Елбасы Тәжікстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Әңгімелесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Эмомали Рахмонды туған күнімен құттықтап, оған зор денсаулық пен бақ-береке тіледі. Сонымен қатар, жоғары мемлекеттік лауазымында табысқа жете беруіне ниеттестігін білдірді. 

Мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективаларын, сондай-ақ өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.