Аймақтар • 06 Қазан, 2017

Баянауыл ауданына 9 млрд 247 миллион теңге бөлінген

1077 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ал, облыстың шығыс бюджетінен 81,5 миллион теңге игерілмеген. Бұл туралы  «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында депутаттық фракция, партияның бақылау комиссиясы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңестің кезекті отырысында айтылды.

Баянауыл ауданына 9 млрд 247 миллион теңге бөлінген

Облыстық қаржы басқармасы  бюджеттің шығыс бөлігінен 81,5 миллион теңге игерілмеген, бұл жағдай облыс орталығы, Железин, Баянауыл аудандарына тиесілі деп отыр.

Бірақ, Баянауыл ауданы әкімінің орынбасары Бақыт Тоқжігітованың айтуынша, биыл ауданға бөлінген 10 млрд-қа жуық қаражаттың қаражаттың 97,9 пайызы тиісті жеріне жеткен дейді. Оның 4 млрдтан астамы аудан орталығындағы әлеуметтік нысандарды жөндеу, жол құрылысын жүргізу, су құбырларын тарту, көшені жарықтандыру секілді жұмыстарға жұмсалыпты.

Әйтсе де, Баянауылға жол сапарға барған кезімізде  аудан әкімінің орынбасары  Әзілхан Әбуов орталықтандарылыған су құбырына бөлінген 5 млрд теңге  3 жылға берілген деген еді.  Екі орынбасар екі түрлі мәлімет береді.

 Бақыт Тоқжігітова Торайғыров ауылына бөлінген қаражаттан 4 миллион 509 мың теңге қалып отыр. Бұл қаражаттың барлығы өз уақытында бюджетке қайтарылады. Ал, қалған қаржыны жылдың соңына дейін толық игеретін боламыз, - дейді.

 Әкім орынбасарларының есебін тыңдаған депутаттар мен партия фракциясының мүшелері қаражатты тиімсіз пайдалану жағдайын болдырмауды  қатаң тапсырды.  Депутаттық фракция жаңа формат бойынша жұмыс істеуде. Мақсат - бюджет қаржысының игерілуін бақылау.

Фарида Бықай,

«Егемен Қазақстан»

Павлодар