Аймақтар • 09 Қазан, 2017

Алматыда «Қазақ жазуын латын әліпбиіне көшірудің өзекті мәселелері» атты дөңгелек үстел өтті

371 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматыдағы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Философия, саясаттану және дінтану институтында «Қазақ жазуын латын әліпбиіне көшірудің өзекті мәселелері» тақыры­бында дөңгелек үстел өтті. Оның жұмысына ғалымдар, ғылыми қызметкерлер, жоғары оқу орындарының магистранттары мен док­торанттары қатысты.

Алматыда «Қазақ жазуын латын әліпбиіне көшірудің өзекті мәселелері» атты дөңгелек үстел өтті

Еліміз бойынша қызу тал­қы­ланып жатқан тақырыптың өзек­тілігіне тоқталған ғалымдар тарихи шешімнің алдында жан-жақты сарапқа салынған барлық ережеге сай тиімді тетікті табуы­мыз керек дегенді айтты. Яғни, барлық ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері бірауыздан қол­даған нұсқаны нысанаға алып, әр­түр­лі ұсыныстарды бір арнадан тоғыс­тыру көзделді.

Қазіргі технократты әлемде бір әліпбиден екінші әліпбиге өту кез келген халыққа, кез келген ұлттық тілге ауқымды зардаптар тигізеді. Бұл бірінші кезекте тілдің жалпыға таныс әмбебап қызметімен байланысты, әрине жаһандану және ақпараттандыру ғасырындағы білім мен ақпараттың рөлі ерекше. Қазіргі таңда әлемдік экономика саласында білім, іскерлік және дағдылар индустриясы өте тиімді болып жатыр. Сонымен бірге барлық әлемдік ғылыми және мәдени ақпарат ағылшын тілі негі­зінде баяндалып, көрсетілуде. Осылайша, қазақ тілінің кирилл­ әліпбиінен латын әліпбиіне өтуі маңызды рөл атқарады. Ал латын әліпбиі жалпыәлемдік ақпараттарға Қазақстанның әлеуметтік-мәдени дамуындағы  қазіргі талаптардың балама нұсқасы болып табылады, дейді Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры, саяси ғылымдардың  докторы, профессор Ақан Бижанов.

Басқосуда қазақ жазбасының латын әліпбиіне өту мәселесін маман­дардың кең және білікті талқы­лау барысында алға қойыл­ған маңызды мәселелер бойын­ша бірнеше пікірлер ортаға шыға­рыл­ды. Атап айтқанда, тіл білімі мамандары тарапынан диграфтық немесе диакритикалық жүйенің қабыл­данылуы маңызды екені атап өтілді. Бұл лингвистикалық мәселе қазақ тілінің жаңа әліпбиін алға қарай дамыту үшін бірден-бір маңызды фактор болып табыла­ды. Бұдан басқа латын графика­сына көшудің мәдени және сая­си-әлеуметтік аспектілері қарас­тырылды. Дөңгелек үстелдің спи­кер­лері жалпы түркілік тамырдың қайта қалпына келтірілуін және латын әліпбиінің креативті әлеуетін пайдалану қажеттілігін атап өтті. 

Арман ОКТЯБРЬ,
«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ
 

Соңғы жаңалықтар

Астана қаласының прокуроры ауысты

Тағайындау • Бүгін, 11:35