27 Қазан, 2011

Қалалық конкурс өтті

283 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қарағандыда осымен 4-ші рет ұйымдастырыл­ған «Жан шуағы» аталатын бұл байқауға қатысушылар аз болмады. Тумасынан аяқ-қолы кем, көзі зағип жаратылып, тағдырдың ауыр күйіне ұшыраса да талаптары таудай жеткіншектер адам қабілеті қандай да қиындықта шектелмек еместігін паш етті. Олар өрнектеген қол өнері туындылары, кестелеген табиғат көріністері, әр түрлі сазды аспаптарда ойнау машықтары, әуелеткен әсем әндері соны айғақтады. Байқау қорытындысында 12 жасар Александр Брюхов, тұр­ғыластары Гәкку Әлімханова, Наталья Сорокина өнерлері лайықты бағасын алды. Та­лант­тары танылған басқа да ба­лалар аталған шараны қол­дау­шылар мен демеушілер тарт­қан сый-сияпат қуаны­шы­на бөленді. Айқын НЕСІПБАЙ. Қарағанды.