27 Қазан, 2011

Шиендіктер шаттығы

258 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қыс қыр астында екендігін күн сайынғы ауа райының құ­был­малы мінезі еске сала бастады. Осы кезде әйелдер қауымы тұр­мыстағы қиындықты жиі ой­лай­ды. Соның бірі күйбелең тірлік – отын жарып, көмір тасып, күл шығару. Соңғы жылдары өңірде осы бағыттағы қолға алынған жұмыстар көңіл қуантады. Мәсе­лен, соңғы үш жылда жамбыл­дықтар «көгілдір отынның» игілігін көре бастады. Ұзынағаш ауы­лынан басталған бұл жұмыс Қа­расу, Жамбыл, Қарақыстақ, Ақ­қай­нар, Үмбетәлі, Қасымбек, Мың­баев ауылдарында жалғасты. Енді, міне, Суықтөбенің баурайындағы ұядай ауыл шиендіктер де қыстан қысылмайтын болды. «Көгілдір отынның» алғашқы алауы осында тұтанып, оны салтанатты ашу рәсіміне көпшілік көп жиналды. Алғашқы алауы еңбек ардагері Роза Малайқызының ошағында тұтанды. Күмісжан БАЙЖАН. Алматы облысы, Жамбыл ауданы.