Бақытжан Сағынтаев Қырғызстан Президенті А. Атамбаевтың еш негізсіз, цифрларды бұрмалауға негізделген орынсыз сөздеріне байланысты мәлімдеме жасағанын атап өтті. ҚР Премьер-Министрі сенімді фактілермен бекітілген Үкіметтің ресми позициясын жеткізгенін баса айтты.
Бақытжан Сағынтаев Қазақстанның жетістіктері даусыз, халықаралық қоғаммен мойындалған және оған Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бағыты мен саяси көшбасшылығының арқасында қол жеткізілгенін атап өтті.
Сөз соңында ҚР Премьер-Министрі Қазақстан Қырғызстанмен әрқашан серіктестік қарым-қатынасты сақтап келгенін атап өтті. Мысал ретінде, Қырғыз Республикасының барлық көлік және сауда жолдары – авиа, теміржол, автомобиль бағдарлары – Қазақстан арқылы өтеді, онда ешқашан шектеу шаралары қолданылмаған. Бұдан өзге, осы жылдар бойы ҚР қырғыз халқына көмектесіп, Қырғызстан басшылығының өтініштеріне түсіністікпен қарап келеді.