Қазақстан • 10 Қазан, 2017

Бағдат Мусин өшірілмеген айыппұлдар мәселесі шешілетінін мәлімдеді

238 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазіргі уақытта құрылып жатқан айыппұлдар бойынша эталондық база сот орындаушыларының ақпаратын түзетуге мүмкіндік береді. Себебі бүгінде айыппұлдар төленсе де, көптеген тұрғындарға сот орындаушылары қаулыны орындау мақсатында келіп тұратын жағдайлар жиі кездесуде. Бұл туралы Фейсбуктегі парақшасында ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнаулы есепке алу комитетінің төрағасы Бағдат Мусин мәлімдеді.

Бағдат Мусин өшірілмеген айыппұлдар мәселесі шешілетінін мәлімдеді

«Бұрын төленген айыппұлдар бойынша сот орындаушыларының келіп  жататыны туралы азаматтардың шағымдарын жиі кездестіруге болады. Осы себепті біз материалдардың шынайылығына сот орындаушыларының статистикалық ақпаратын жан-жақты тексеруді бастап кеттік. Нәтижесінде, атқару істері үшін әкімшілік полициядан сот орындаушыларына 52 мың материал төленген айыппұлдар бойынша жіберілгені анықталды. Бұл өз кезегінде айыппұлды бекітілген тәртіпте төлеген еліміздің 52 мың азаматына  сот орындаушылары келетінін білдіреді»,-деп жазды Бағдат Мусин.

Құқықтық статистика және арнаулы есепке алу комитеті төрағасының сөзіне қарағанда, соңғы айда осыған жұмылдырылған құрылымдарға мұндай істердің 90 пайызын түзетіп, оларды тәртіпке келтіру бұйрығы жүктелді. Қалған 10 пайызы бойынша тиісті жұмыстар жүріп жатыр.

Аталған проблеманы жүйелі түрде шешу үшін және айыппұлдарды жазудың үдерісін жеңілдету тұрғысында Әкімшілік істер тізілімі құрылуда, яғни ол айыппұлдар бойынша Эталонды база болмақ. Осы орайда еліміздің  ауқымында тиісті нәтиже алдағы жылы байқалатын болады.

«Қазіргі кезде туындап жүрген мәселелерді нақты шешу үшін, бүгінде аталған проблемалар тұрғысында Қазақстан азаматтарынан ақпарат алуға әлеуметтік желілерде (ФБ және Инстаграм) парақша ашу шешімі жасалды. Бұл ретте төлем қабылданбағаны немесе төлем жасалғанымен, айыппұлдың жойылмағандығы жайында ақпарат жинақталады. Сонымен қатар адамдарға қолайлы болуы үшін жауапты өкілетті прокурорларды мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарына бағыттадық. Егер де төлем жасалғанымен, айыппұл жабылмаса, аталған парақшаларға өзіңіздің проблемаңыз жайында ақпаратты түсіре аласыздар»,- деді Мусин.

Атап айтқанда, енді айыппұлдар бойынша туындаған мәселелер жайлы әлеуметтік желілердегі «Штрафы KZ» парақшасында жазба қалдыруға болады.