Кездесу кезінде облыс әкімі мәртебелі мейманға аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму үрдісі туралы әңгімеледі. Маңғыстау облысы мен Корей Республикасы арасындағы экономикалық ынтымақтастық көрсеткіштерінің артуы - екіжақты сауда-экономикалық қарым-қатынастардың нығая түскендігінің көрінісі. Облыс әкімі екіжақты экономикалық байланыстарды одан әрі нығайту үшін әкімдік тарапынан әрқашан қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.