Қазақстан Президентін Ресей Федерациясының басшысы В.Путин қарсы алды.
ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының алқалы жиынында Достастық аясында өзара тиімді әріптестікті одан әрі тереңдету жолдары, сонымен қатар өзара әріптестікті бүгінгі күн талаптарына бейімдеу мәселелері қарастырыладыдеп күтілуде. Қауіпсіздік, қорғаныс, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірлескен іс-қимыл, ғарышты бейбіт мақсатта зерттеу және пайдалану, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелеріне көңіл бөлінеді.
Арнұр АСҚАР,
«Егемен Қазақстан»
Сочи