Алқалы жиынға Мемлекет басшысы Н.Назарбаев та қатысуда. ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының алқалы жиынында Достастық аясында өзара тиімді әріптестікті одан әрі тереңдету жолдары, сонымен қатар өзара әріптестікті бүгінгі күн талаптарына бейімдеу мәселелері қарастырылуда. Қауіпсіздік, қорғаныс, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірлескен іс-қимыл, ғарышты бейбіт мақсатта зерттеу және пайдалану, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелеріне көңіл бөлінді.
Арнұр АСҚАР,
«Егемен Қазақстан»
Сочи