Шымкентте Ж.Шаниннің 125 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті

Мемлекет Басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы облыстық Ж.Шанин атындағы қазақ академиялық драма театрымен бірлесе даңқты режиссер Ж.Шаниннің 125 жылдық мерей тойына арналған дөңгелек үстел өткізді.

Егемен Қазақстан
11.10.2017 5484

«Ж.Шанин еңбектеріндегі этнографиялық құндылықтар» деген тақырыппен өткен алқақотан отырыста режиссер Ж.Шаниннің өмірі мен творчествосы, Қазақстанда театр өнерін қалыптастырудағы еңбегі мен оның шығармашылығындағы ұлттық ерекшеліктер, салт-дәстүр көріністерін биік деңгейде таныту, насихаттау жайы қамтылды.

Қазақтың алғашқы ұлттық театрының негізін қалаған режиссер, драматург Жұмат Шаниннің шығармашылығына арналған дөңгелек столды Салт-дәстүр және әдет-ғұрып орталығының директоры Жәнібек Тағаев жүргізіп отырды.

Алғашқы болып сөз алған Қазақстанға еңбегі сіңген қайраткер, сексеннің сеңгіріндегі Мәжит Ілиясқаров ақсақал көрнекті театр қайраткерінің өмірбаяны жөнінен тереңірек толғады. Бүгінде 100-ге келген Қазақстанның халық әртісі Айша Абдулинаның талай рет Жұмат Шаниннің шығармашылығы жөнінде тағылымды әңгімелер айтқанын, қазақтың алғашқы кәсіби режиссері Асқар Тоқпановтың Жұмат Шаниннің үйінде ерке інісіндей болып өскенін, сүйікті шәкірті болғанын, Мәскеуге Шаниннің ықпалымен барып оқығанын тілге тиек етті.

1972 жылы Шымкент драма театрына Жұмат Шаниннің есімі беріліп, 1992 жылы осында 100 жылдығы тойланғанын еске салды. Қазір 125 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде дүние жүзі театр әлемінде аталып өтіп жатқандығын мақтанышпен айтты.

Әрине, қазақтың ұлттық театрының негізін қалаған тұлғаның өмірі қанттай тәтті болмаған. Жастайынан жоқтық пен жетіспеушілікті көріп өскен Жұмат Шанин 1916 жылы қара тізіммен майданға алынады. Күздің сілбіген суық жаңбырында, қарлы дауылда окоп қазған жігерлі жас жігіт орыс пролетарларымен бірігіп одақ құрады. Патша режиміне қарсы тұрады. Апталап асты үсті цемент карцерге қамалады. «Денсаулығымды сол карцер құртты» дейді екен. Бірақ, қазақ руханиятының жоқшысын осынша ауыртпалықтар мойыта алмаған.

Қазақстанның Мәдениет қайраткері, драматург Сая Қасымбек Ж.Шанин туралы зерттеп, кітап жазып жүр. Сая «мен өз өмірбаянымнан гөрі Жұмат атамның өмірбаянын жақсы білетін күйге жеттім дейді.

Айтса айтқандай, белгілі драматург ұлттық театр негізін қалаған тұлғаның өнер жолындағы жанкештілігін әсерлі баяндады.

Жұмат Шанинмен Қоянды жәрмеңкесі табыстырған Елубай Өмірзақов пен Қалеки Қуанышбаевтар театр құру ісінде 3-4 жылдан жалақы алмай жұмыс жасаған екен. Отбасын асырау, жан бағу үшін күндіз қара жұмыс жасап, кешғұрым театрмен айналысқан. Сондай қиын күндері Жұмат Шанин достарына сыбырлап, «жігіттер, ақша арылтыңдар. Бір малақай болса да театрымызға алайық» дер екен. Өйткені, театрға керек-жарақ беруге ешкім құлықты емес. Сол заманның тілімен айтқанда бай-құлақтар кәмпескеленіп жатқан уақыт. Байлардың дүние мүлкі, киім кешегі тәркіленген. Жұмат Шанин «ақыры қоймада жатыр ғой, театрға үлес беріңдер» деп барып, талай рет жылап қайтыпты. Театрға киім жетпегендіктен бір тұмақты түрліше киген уақыттар болыпты.

Ел ішінде дарындылар көп дегенімен театр мәдениетін меңгергендер жоқтың қасы. Бір пьессада жас жігітке молданың ролін ойнау тапсырылады. Бір көріністе әлгі молда жігіт дәрет алу керек. Асып-сасқан жас жігіт көрермендердің көз алдында шалбарын сыпырып тастап, сылпылдатып дәрет алады.

Қатты қорланған Жұмат аға үш күн төсек тартып жатып қалыпты. Өмірзақ пен Қалекиге «театр - деген үлкен мәдениет, қазақтың кісілік келбеті, рухани қайнары. Елді әдемілікке тәрбиелеу үшін өте мәдениетті ойнаңдар» деген екен.

Ең ауыр оқиға Мәскеуге алғаш барған этнографиялық сапарда болады. Ол кезде Жұмат Шаниннің Жанбике деген арумен шаңырақ көтерген кезі. Сөз реті келгенде айта кетейік, Жанбике Шанина - қазақтың алғашқы әйел артискасы. Поезда келе жатқанда Жұмат пен Жанбикенің шақалағы Аян ауырып, қайтыс болады.

Сонда Жұмат аға «жігіттер, болар іс болды. Баласы өліп, қаралы болып келе жатқан труппаны Мәскеу қабылдамай қояр. Не болса да білдірмейік» дейді. Жанбике өлі шақалағын құшақтап Мәскеуге жетеді. Үш күн жерленбеген нәрестені ертеңінде Мәскеудегі татар моласына апарып, жер қойнауына тапсырады.

Қойылым кезінде екі омырауы сыздаған Жанбике ана, шерлі ана рольде ойнап шығады. Мәскеуліктер қазақ өнеріне үлкен қошемет көрсетеді.

Не деген қатал тағдыр. Қанша жерден «өнер құрбандықсыз болмайды» дегенімен Жұмат Шаниннің кесігі - қазақ өнерін таныту жолындағы өшпес ерлік өнегесі ғой. Жүрегі тас емес, жарылып кете жаздаған шығар.

- Жұмат Шанин өмірінде қарны тойып тамақ ішпеген, иығына шұғадан киім кимеген, былайша айтқанда өнер жолы өксікпен өткен азамат. Қорлық пен азапты бастан өткерген тұлға. Оның жанайқаймен жазған мақалаларын оқыған кезде сол замандағы айқайдың бүгінгі күнде де актуалдылығын жоғалтпағанын көреміз. Жұмат Шанин өз заманындағы тұлғалармен жалақы дегенді білмей, тоқтаусыз еңбек етті. Күндіз арба сүйреп, нәпақа тапса, кешке театрда өнер көрсетіп жүрді. Осы кісілер болмағанда бүгінде театр әлемі деген болмас еді. Сая Қасымбек осылай деп тұжырды.

Халық хас талантты мойындайды. Шанин 1931 жылы «Қазақстанның халық артисі» атағын алғашқы болып алады. Бірақ, таланттыға жау көп. 1936 жылы Мәскеуден табысты оралған соң көре алмайтындар сыртынан арыз жазған. Осыған өкпелеген Шанин Қырғызстанға кетіп, қырғыз театрының ашылуына еңбек сіңіреді. Елге қайта шақырылғанымен 1937 жылдың жазасына ілігіп, 1938 жылдың 26 ақпанында «халық жауы» деп айыпталып небәрі 46 жасында атылады. Нақақтан жаза көрген боздақ 1958 жылы ақталған.

Дөңгелек стол басындағы басқосуда педагог ғылымдарының кандидаты, театртанушы Нәсіпхан Камалқызы, Қазақстанның халық әртісі, «Парасат» орденінің иегері Өтеміс Сапаров сынды ардагерлер ойларымен бөлісті.

Жиынға жастар көп шақырылған екен. Олардың тағлымды әңгіме тыңдағанына қуандық. Бүгінде жерден бір күрес көтерсе міндетсінетін, сәл қиындық көрсе мемлекетті айыптайтындар көп. Ал, қазақ театр өнері аяғынан қаз тұруы үшін өзін құрбандыққа шалған Жұмат Шаниндер нағыз ердің сойы екен ғой.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

Оңтүстік Қазақстан облысы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

23.02.2018

Сенатор Д.Назарбаева Сингапурда болды

23.02.2018

ШҚО әкімі тұрғындар алдында есеп берді

23.02.2018

Қазақстандық парламентшілер ЕҚЫҰ ПА қысқы сессиясына қатысты

23.02.2018

Энергетика министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтті 

23.02.2018

Оралхан Бөкейдің ағылшын тілінде жарық көрген кітабының тұсаукесері өтті

23.02.2018

СҚО-да Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының күндері өтуде

23.02.2018

Банктер мен Қаржыгерлер қауымдастығы қазақстандықтарға үндеу жариялады

23.02.2018

Гүлшара Әбдіқалықова елшілерден сенім грамоталарын қабылдады

23.02.2018

Жылда 500-ден астам жол апаты автобус жүргізушілерінің кінәсінен болады - ІІМ

23.02.2018

Мати Алавер: Полторанин медаль медаль алмаса жалақымның бір тиынын қалдырмай қайтарып беремін

23.02.2018

Алматыда Әлемдік экономика және саясат институты алаңында сарапшылар кездесуі өтті

23.02.2018

Элизабет Тұрсынбаева Кореядағы Олимпиадада 12-орын алды

23.02.2018

Сарайшық ескерткіштерін ғылыми зерттеу жұмыстары қолға алынады - Арыстанбек Мұхамедиұлы

23.02.2018

Дәулетжан Махмұт. Портрет

23.02.2018

Қазақстандағы алғашқы сотсыз татуласу орталығы Қызылордада құрылады

23.02.2018

Өскемендегі Жастар театры «Аршын мал алан» мюзиклін сахналады

23.02.2018

Атырау облысының әкімі тұрғындар алдында есеп берді

23.02.2018

Жамбылда атқарылатын жұмыс көп

23.02.2018

Әкім есебіне жетістіктер ғана арқау бола ма?

23.02.2018

Жаңа латын графикасына қатысты пікірлер

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Ғабит ІСКЕНДЕРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Мәселе заманда емес, адамда...

Адамның азаматтығы, жауап­кер­шілігі туралы қай кезде де кеңі­нен сөз болады емес пе? Сондай әңгіме барысында кейбіреулер әңгі­ме арқауына айналған жандарға ая­ныш білдіріп, «олар сатқындық жа­с­айын деді дейсің бе, амалдың жоқтығынан жасады ғой, бәріне заман кінәлі» дегені бар-тын. Сонда Ұшыға апам былай деген еді: «Күн де орнында, сол баяғыша шығады, сол қалпында батады. Ай да орнында сол бұрынғыша туады. Өзгерсе адамның пейілі, ниеті өзгерген. Заманға жауапкершілік жүктеудің жөні жоқ...».

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Эфирде бейбастақтыққа неге жол беріледі? 

Әуе толқынынан хабар тыңдап отырмын. Әңгіме бойтұмар жайында өрбуде. Радио хабарын жүргізуші әлемге танымал адамдардың бой­тұмар ретінде нені ұстайтынын айта келе Кэмерон Диазды мысалға алды.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Даму үшін әділдік ауадай қажет

Әділдік қашанда адамзаттың арманы болып келеді. Жасыратыны жоқ, кейде бір ұжым түгілі, бір отбасының өзінде әділдік кемшін қалып жатады. Осындай жағдайда оның тұтас мемлекетте орнауы орындалмас армандай көрінетіні рас.

Зарема ШӘУКЕНОВА, ҰҒА корреспондент-мүшесі

Конфессияаралық диалогтың қазақстандық алаңы

Атақты америкалық саясаттанушы Самуэль Хантингтон 1996 жылы өзінің әлемдік ғылыми қоғамдас­тық арасында кең талқылауға түс­кен «Өркениеттер қақтығысы және әлемдік тәртіптің трансформациясы» атты кітабын жарыққа шығарды. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Қайтқан малда қайыр бар

Осының алдында газет бетінде жарияланған «Бай бол­­саң, халқыңмен бол!» атты мақа­ламызда («Егемен Қазақстан», 09.02. 2018 жыл) меншік иелері­нің елімізден астыртын жолдар арқылы шығарып әкетіп жатқан капиталының түбі оларға қайыр бермейтіндігін, қазіргі күні Батыс әлемінде жүріп жатқан саяси-эко­номикалық үдерістердің екпі­німен бұл қаржылар сол жақ­тың өзінде ерте ме, кеш пе, қақпан­ға түсірілетіндігін, ал оның идеологиясы қазірдің өзінде әзір екендігін жазған едік. 

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу