27 Қазан, 2011

Телефон арқылы сөйлесті

204 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Дмитрий Медведевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Қазақстан Респуб­ликасы Президентінің баспасөз қызметі. Екі елдің басшылары іс жүзінде қызметі 2012 жылы басталатын Қазақстан, Беларусь және Ресейдің Біртұтас экономикалық кеңіс­тігінің негізін құрайтын құжаттарды қабылдау жөніндегі жұмыс­тардың барысын талқылады. БЭК-ті қалыптастыру мәселелерін келісу және тиісті шешімдер қабылдау мақсатында Қазақстан, Беларусь және Ресей прези­денттерінің кездесуін ағымдағы жылдың қараша айында өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.