27 Қазан, 2011

Сенім мен үмітті ақтау жолында

578 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысының атына Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық универ­­ситетінің магистранттары Жадыра Ақылова мен Наркес Орынбаевадан хат келді, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.  Магистранттар хатында жа­қын­да еліміз­дің бір топ талант­ты жастарының қата­рын­да Ел­ба­сының қабылдауында болға­нын жазады. «Біз «Назарбаев стипен­дия­сын» алған күн­ді өміріміздегі ең бақытты, ең арайлы күн деп есептейміз. Бұл бізге ғана емес, бүкіл жастарға деген Сіздің се­ні­міңіз бен үмітіңіз деп білеміз. Сондықтан бізге артқан сені­мі­ңізді абыроймен ақтау үшін бар күш-жігерімізді, уақытымызды терең білім алуға, ғылымның биіктерін бағын­дыруға жұм­сай­мыз», – делінген хатта. Авторлар хат соңында Президентке алғыс сезімдерін білдіріп, ұзақ өмір, толайым табыс тілеген.