Метро арқылы жүйткитін күндер де алыс емес, ал оған дейін алматылықтардың бір легі сәулеті келіскен, самаладай жарық метро стансаларына түсіп, жер астында жолаушылаудың қандай екенін байқап көрді. Осылайша, өткен демалыс күндері Алматы метрополитенінде ашық есік күні өтті.
Қалалықтар үшін алғаш рет Гоголь мен Панфилов көшелерінің қиылысындағы «Жібек жолы» стансасы есігін айқара ашып, метро қызметкерлері көпшілікті бірнеше шақырым саяхат жасауға шақырды. Бірінші болып метроға отыру мүмкіндігін жібермеген алматылықтар күні бойы бірнеше стансаны аралап, осындағы қала тіршілігіне арналған фотокөрмені тамашалады.
Алғаш жер асты арқылы жолаушылаған жұртшылық Абай даңғылы мен Фурманов көшесінің қиылысына орналасқан «Абай» стансасына, одан кейін опера театрының тұсынан шығатын «Алмалы» стансаларына сапар шекті.
Абай-Манас көшелерінің қиылысынан басталатын Алматы метросының алғашқы тармағы «Саяхат» автовокзалына дейін созылатынын және ол жеті стансаны құрайтындығынан бұған дейін де хабардар еткенбіз. Бұл аралықты жер асты пойыздары 12 минутта жүріп өтеді, құрамалар әр 9 минут сайын стансаларға келіп отырады.
Енді ел метро толайым іске қосылатын ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығын күтіп отыр.
Бұл күндері Алматы метросының екінші тармағының да құрылысы жүріп жатыр. Нәтижесінде Алматы метросы қаланы «Қалқаман» поселкесімен жалғайтын болады.
Қазірге белгілісі, метрода жүру ақысы 100 теңге болмақ. Қала әкімдігі метро үшін мұндай жолақы қымбат емес деп есептейді. Көшедегі көлік кептелістерінде жүйкені жұқартып, уақытты зая кетіргенше сәулет өнері салтанат құрып тұрған стансаларда қыдырып, керек жеріңе жайлы вагондар арқылы көзді ашып-жұмғанша жетіп алудың дұрыстығын айтады.
Айнаш ЕСАЛИ.
Алматы.
-----------------------------------
Суретті түсірген Юрий БЕККЕР.

Астанада референдумды қолдауға бағытталған жастар концертіне 10 мыңнан астам адам қатысты
Референдум • Бүгін, 20:27
Михаил Шайдоров Олимпиададағы жеңісі үшін қанша сыйақы алады?
Спорт • Бүгін, 20:20
Aitu экожүйесі: Ауқымды кеңею және 1 миллион белсенді пайдаланушы межесіне жақындау
Технология • Бүгін, 18:44
Ертең ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жасалды
Ауа райы • Бүгін, 18:04
Олимпиада-2026: Биатлоншы Владислав Киреев із кесу жарысында сынға түсті
Олимпиада • Бүгін, 17:36
Михаил Шайдоров: Олимпиададағы жеңісіме Денис Теннің ықпалы зор
Спорт • Бүгін, 16:56
Қазақстан әртістік жүзуден Әлем кубогы кезеңінде екі алтын медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 16:48
Ұлттық кітапханада Жолтай Әлмашұлының жаңа кітаптары таныстырылды
Қоғам • Бүгін, 15:43
Фристайл-могул: Павел Колмаков Олимпиадада 1/8 финалға дейін жетті
Олимпиада • Бүгін, 15:35
Өскеменде ауаның ластануына байланысты оқушылар қашықтан оқиды
Аймақтар • Бүгін, 14:36
Белгілі инженер – Дінмұхамед Қонаевтың туысы Алтай Қадыржанов дүниеден өтті
Оқиға • Бүгін, 14:23
Алматы облысында бес көліктің қатысуымен жаппай жол апаты болды
Оқиға • Бүгін, 13:45
Астанада LRT аялдамасынан өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 13:14
European Open: Эсмигуль Куюлова ел қоржынына күміс жүлде салды
Спорт • Бүгін, 12:15