Фото: AFP
Өткен сенбі күні Сомали астанасы Могадишода қаскөйлер жарылғыш зат орналасқан жүк көлігін «Сафари» қонақ үйінің маңында, адам көп жиналған жерде іске қосқан болатын. Нәтижесінде, қонақ үй қирап, тұрғындар үйіндінің астында қалды.
«Аш-Шабаб» қаскөйлер тобы 2007 жылы құрылған болатын. BBC-дің хабарлауынша, осы уақыт аралығында мұндай ірі жарылыс болмаған. Аталған топ Сомали билігіне қарсы жиі шабуыл ұйымдастырады. Сондай-ақ, олардың «Аль-Каида» террорлық ұйымымен тығыз байланыста екені белгілі.
Ел президенті Мохаммед Абдуллахи Мохаммедтің шешімімен алдағы үш тәулік қаралы күн етіп жарияланды.