Қазақстан • 16 Қазан, 2017

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына дауыс беру 10 қарашада аяқталады

267 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында «Қазконтент» АҚ Басқарма Төрағасы Евгений Кочетов мәлімдеді. 

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына дауыс беру 10 қарашада аяқталады

«100 esim.el.kz» сайтына 2000-нан астам қазақстандық өз оқиғасын жіберген, солардың ішінен 302 үміткер таңдалғанымен, үздіктер халықтың дауыс беруі арқылы анықталады.

Спикердің сөзінше дауыс беруге ұсынылған 302 үміткер пайдаланушыларға қолайлы болу үшін өз қызмет салалары бойынша 6 бөлімге орналастырылған.

«Олар мәдениет және өнер – 32 адам, қоғам – 83 адам, бизнес – 51 адам, медицина – 46 адам, ғылым – 47 адам, спорт – 43 адам. Біз дауыс беруді 18 қазан яғни, сәрсенбі күні бастаймыз. Және халықты Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, әлеуметтік желілер арқылы кім қанша дауыс жинағанын ашық түрде ақпараттандырып отырамыз. Дауыс берудің қайталанбауы үшін сайтқа тіркелу қарастырылған. Оны бірнеше тәсілмен жүзеге асыруға болады. Бірінші тәсіл – электронды пошта арқылы тіркелу. Ол үшін «Логин» бағанына өз электронды поштаңыздың мекенжайын енгізу қажет, осыдан кейін пайдаланушы өзінің е-майлы арқылы сайтқа тіркелгендігі туралы ескерту хат алады, әрі қарай авторизация жасайды және дауыс беруге кіріседі. Екінші тәсіл – әлеуметтік желілердегі аккаунттар  арқылы  авторизация жасау.  Пайдаланушыларға қолайлы болу үшін бөлімдердің ішінде қатысушылар алфавит тәртібінде орналастырылған. Бұл ретте, егер суретті басса, онда жаңа қосымша парақта оның «Табысқа жету тарихы» ашылады. Пайдаланушы өзі дауыс бергісі келген үміткерді таңдау кезінде сәйкесті батырманы басу қажет, осыдан кейін сайт «Сіздің дауысыңыз қабылданды» деген ескерту береді.  Алайда, пайдаланушының әр бөлімнен ең көп дегенде 3 үміткерге  дауыс беру мүмкіндігі бар, бір үміткерге тек 1 рет қана дауыс беріледі. Қайта дауыс беру мүмкін емес», деп атап өтті «Қазконтент» АҚ Басқарма Төрағасы Евгений Кочетов.

Айта кететін тағы бір жайт, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына дауыс беру 10 қараша күні аяқталады.